Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

10:56 21.5.2020

Індетке байланысты шекарада тұрып қалған 164 қырғыз азаматы еліне қайтты

Ресейдің Орынбор қаласынан Қырғызстан астанасы Бішкекке 164 азамат чартерлік рейспен жеткізілді. Бұл туралы Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қырғызстанға қайтқан азаматтар арасында екі бала, 82 әйел (33 әйелдің аяғы ауыр), денсаулығы дімкәс 80 егде ер адам бар.

Орынбор қаласындағы палаткалы қалашық.
Орынбор қаласындағы палаткалы қалашық.

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, медициналық процедуралардан өту үшін келгендер обсервацияға орналастырылған. Ұшаққа сыймай қалған қырғыз азаматтары еліне автобуспен жеткізіледі.

Ресейдің Орынбор облысында шамамен 500 қырғыз азаматы Ресейдің төтенше жағдай министрлігі ұйымдастырған Орынбор - Самара трассасы бойында палаткалы қалашықта тұрған.

7 мамырда 541 қырғыз азаматы Орынбор облысының Соль-Илецк қаласынан келген. Олар ұзақ уақыт Ресей-Қазақстан шекарасынан өте алмай тұрып қалған. Олардың арасынан 104 адамнан коронавирус табылған.

13:49 21.5.2020

Ресейде 8849 адамнан коронавирус табылды, 127 адам қайтыс болды

Мәскеуде соңғы бір күнде 2699 адамнан коронавирус табылған. Бұл соңғы бір ай ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб өкілдері бейсенбі күні осылай деп хабарлады.

Бұған дейін Мәскеу және Мәскеу облысы коронавирус жұққан адамдар саны жағынан алда болған. Енді аймақта науқастар саны көбейе бастаған.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин.
Мәскеу мэрі Сергей Собянин.

21 мамыр таңертеңгі ақпарат бойынша, Ресейде 8849 адамнан коронавирус табылған, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 85 адамға артық. Елде коронавирус жұқтырғандар 317 554 адамға жеткен.

Бір күнде 7289 адам жазылған, 127 адам қайтыс болған. Эпидемия басталғалы бері 92 861 адам жазылған. 3099 адам қайтыс болған.

Жақында Мәскеу мэрі Сергей Собянин реанимацияда адамдар саны сиремей жатқандықтан адам өлімі көбеюі мүмкі деп мәлімдеген.

14:52 21.5.2020

Әлемде 5 миллионнан астам адамға коронавирус жұққан

Америкалық Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 5 миллионнан асқан.

Науқастар саны жағынан АҚШ әлемде алда тұр. Мұнда 1,5 миллионнан астам адамға вирус жұққан. Екінші орында тұрған Ресейде 308 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған. Бразилияда 291,5 мың науқас бар. Алғашқы бестікке Ұлыбритания және Испания да кіреді.

Нью-Йорк қаласындағы медицина қызметкерлері.
Нью-Йорк қаласындағы медицина қызметкерлері.

Әлемде індет басталғалы бері 328 мыңнан астам адам коронавирустан қайтыс болған. АҚШ-та - 93 мың, Ұлыбританияда - 35,5 мың, Италияда 32,3 мың адам қайтыс болған. Франция мен Испания да алғашқы бестікке кіреді.

Бразилияда коронавирус жұқтырғандар 20 мыңға жуықтаған, эпидемия басталғалы бері 18 860 адам қайтыс болған. Бразилияда бір күнде 889 адам қайтыс болған. Сан-Паулу штаты мен оның әкімшілік орталығы вирус ошағына айналған.

Ресейде COVID-19 ауруынан қайтыс болғандар 3 мыңға жуықтаған.

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, коронавирустан 35 адам қайтыс болған. 7200-ден астам адамға вирус жұққан. Қазақстанда COVID-19 ауруынан басқа да ауыр дертке шалдығып, қайтыс болғандар коронавирустан қайтыс болды деп есептелмейді.

07:16 22.5.2020

БАҚ: Рамзан Қадыровтан коронавирус белгілері байқалып, ауруханаға түсті

Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыровтан коронавирус белгілері байқалып, ауруханаға түсті. Ол Мәскеудегі емханалардың біріне ұшақпен жеткізілді. Бұл туралы Baza және "Интерфакс" агенттігі хабарлады. Ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

"Интерфакс" агенттігі Мәскеудегі медицина қызметкерлерінің біріне сілтеме жасай отырып "Қадыровтан коронавирус белгілері байқалған, дәрігерлер бақылауына алынды" деп жазды. ТАСС агенттігі де құпия дереккөзіне сілтеме жасап, осыған ұқсас ақпарат таратты.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.

"База" сайтының жазуынша, Қадыровтың өкпесі ауырған. Бұған дейін сырқаттанған кезде тұмауға шалдыққаны айтылған. Алайда соңғы күндері жағдайы күрт нашарлаған.

Осыған дейін телеграм-арналарының бірі "Шешенстан үкіметіндегі құпия дереккөзге сілтеме жасап" Қадыровпен бірге денсаулық сақтау министрі Эльхан Сүлейманов та ауруханаға түсті деп жазған. Бірақ бұл ақпарат та ресми расталған жоқ.

Бұған дейін Шешенстан басшысының көмекшісі Ахмед Дудаев республика басшысы мен министрдің ауруханаға түскенін жоққа шығарған.

Шешенстанда коронавирус індетіне байланысты қатаң карантин шаралары күшіне енген. Республикада коменданттық сағат енгізіліп, қоғамдық көлік жұмысы тоқтаған. Ресейдің басқа облысынан кіруге тыйым салынған. Коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, Шешенстанда коронавирус жұққан мыңнан астам адам анықталған.

Осыған дейін Қадыров коронавирус жұққан науқастарды емдеген медицина қызметкерлері қорғаныш құралдарының жетіспейтінін айтып шағымданған кезде оларды жұмыстан шығаруды талап еткен. Кейінірек аурухананың бірнеше қызметкері кешірім сұрап, қорғаныш құралдарының жеткілікті екенін айтқан. Медицина орталығының бас дәрігері және шағымданған дәрігерлердің бірі жұмысынан кетті.

Тағы

XS
SM
MD
LG