Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

07:55 28.5.2020

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар 100 мыңнан асты

Джонс Хопкинс университетінің 27 мамыр күнгі мәліметі бойынша, АҚШ-та 100 418 адам коронавирустан қайтыс болған, барлығы 1,7 млн адамнан коронавирус табылған.

COVID-19 ауруынан қайтыс болғандар шын мәнінде көп болуы мүмкін. Былтыр жыл соңына дейін беймәлім болып келген вирус әлемдегі өзге мемлекеттер тәрізді АҚШ азаматтарының да қалыпты өмірін өзгертті, адамдар ұзақ уақыт үйлеріне қамалып, сыртқа шыға алмай қалды, қаржы және салық жеңілдіктеріне қарамастан ел экономикасы жүйесіздікке ұрынды.

АҚШ дүкендеріндегі қызметкерлерді вирустан қорғайтын жабдықтар. Мамыр айы, 2020 жыл.
АҚШ дүкендеріндегі қызметкерлерді вирустан қорғайтын жабдықтар. Мамыр айы, 2020 жыл.

Бастапқыда пандемияның қаупін дұрыс бағаламаған АҚШ президенті Дональд Трамп карантин шараларын алып тастауға көндіруге тырысып жатыр. Қазір 50 штаттың барлығы шектеулерді түрлі дәрежеде жұмсартқан немесе алып тастаған. Алайда штаттардың жартысына жуығы індеттің біртіндеп беті қайтуын күтпей, карантин шараларын жұмсартқан, осылайша патогеннің жылдам тарау қаупін арттырған. Елдің кейбір бөлігінде тұрғындар қарапайым гигиена ережелерін сақтамай отыр.

Әлемде 5,65 млн адамға вирус жұққан, 355 мыңнан астам адам қайтыс болған. 2 млн 350 мыңнан астам адам айыққан.

08:17 28.5.2020

Қазақстанда бір күнде 272 адамнан коронавирус табылды,155 адам айықты

Өткен тәулікте Қазақстанда 272 адамнан коронавирус табылды. Коронавирус жұқтырғандар саны жағынан республикада алдыңғы орындарда тұрған Нұр-Сұлтан қаласында - 56, Алматы қаласында - 25, Қарағанды облысында 49 адамға вирус жұққан. Бұл туралы 28 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
  • Алматы қаласы – 25 (Барлығы 2378)
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 56 (Барлығы 1820)
  • Атырау облысы – 15 (Барлығы 959)
  • Шымкент қаласы – 17 (Барлығы 730)
  • Қарағанды облысы – 49 (Барлығы 754)
  • БҚО – 21 (Барлығы 493)
  • Жамбыл облысы – 4 (Барлығы 362)
  • Түркістан облысы – 17 (Барлығы 354)
  • Алматы облысы – 14 (Барлығы 319)
  • Қызылорда облысы – 20 (Барлығы 324)
  • Ақтөбе облысы – 22 (Барлығы 304)
  • Павлодар облысы – 1 (Барлығы 192)
  • Маңғыстау облысы – 1 (Барлығы 177)
  • Ақмола облысы – 2 (Барлығы 149)
  • Қостанай облысы – 5 (Барлығы 136)
  • ШҚО – 1 (Барлығы 74)
  • СҚО – 2 (51)

Бір күнде 155 адам жазылған. Барлығы 4768 адам айыққан. 37 адам қайтыс болған.

10:40 28.5.2020

Қырғызстанда коронавирус жұққан дәрігерлер 27 адамға көбейді

Қырғызстанда соңғы бір күнде 27 медицина қызметкерінен коронавирус табылған. Бұл туралы 28 мамырда денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нурболот Усенбаев хабарлады.

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Оның сөзіне қарағанда, науқастардың басым бөлігі Ош қаласында тіркелген, ел астанасы Бішкекте 5 медицина қызметкеріне коронавирус жұққаны анықталған. Нарын облысында 7 адамнан вирус табылған.

Эпидемия басталғалы бері 326 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан. 247-і жазылып, ауруханадан шыққан.

28 мамыр күнгі ақпарат бойынш Қырғызстанда 1594 адамнан коронавирус табылған, 1066 жазылған. 16 адам қайтыс болған.

Қарай отырыңыз: Қырғызстандағы коронавирус картасы

13:42 28.5.2020

Премьер-министрдің орынбасары: ҰБТ кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады

Биыл 131 мың түлек ұлттық біріңғай тестілеу тапсырады, 150 өткізу орны анықталған. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады.

Студенттер. Көрнекі сурет.
Студенттер. Көрнекі сурет.

"Барлық ҰБТ өткізу орындары тепловизор, дезинфекциялық тоннель және аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшелер, медициналық пунктер, санитайзерлер, маскалармен қамтамасыз етіледі" делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін білім және ғылым министрлігі пандемияға қарамастан елде ұлттық біріңғай тестілеу өтеді деп хабарлаған.

Тағы

XS
SM
MD
LG