Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

14:45 28.5.2020

Ұлыбритания Солтүстік Кореядағы елшілігін уақытша жабу туралы шешім қабылдады

"Пхеньяндағы британ елшілігі 2020 жылдың 24 мамырынан бастап уақытша жабылды. Барлық дипломатиялық қызметкерлер үш апта ішінде Солтүстік Кореядан шығып кетті" деп жазды Ұлыбританияның Солтүстік Кореядағы елшісі Колин Крукс Twitter-де.

Ұлыбритания жалауы. Көрнекі сурет.
Ұлыбритания жалауы. Көрнекі сурет.

Коронавирус тараған Қытайдың көршісі Солтүстік Корея елде вирус барын ресми түрде хабарламаған. Алайда шекараларын жауып, басқа елден адамдардың кіруіне тыйым салған.

16:05 28.5.2020

Қырғызстан: Перзентханада ондаған адамнан коронавирус табылды, бесеуі - нәресте

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Ош облысындағы перзентханада 34 адамнан коронавирус табылған: 15-і - медицина қызметкері, 14-і - жаңадан босанған әйел және бесеуі - нәресте.

Нәрестені көтеріп тұрған медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Нәрестені көтеріп тұрған медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

Министрліктің айтуынша, перзентханада коронавирус бары бұған дейін де анықталған, мекеме карантинге жабылып, кейінірек обсервацияға айналған.

Өткен тәулікте Ошта 35 адамнан коронавирус табылды. Мұнда барлығы 177 адамға вирус жұққан.

28 мамыр күнгі ақпарат бойынша, Қырғызстанда 1594 адамнан коронавирус табылған. (Бішкекте - 397 науқас анықталған). 1066 адам жазылған. 16 адам қайтыс болған.

07:00 29.5.2020

Пандемия кезінде АҚШ-та 40 миллионнан астам адам жұмыссыз қалған

Эпидемия басталғалы бері АҚШ-та жұмыссыздар жәрдемақысын алуға өтініш бергендер саны 40 миллионнан асқан. Соңғы бір аптада 2,1 млн АҚШ азаматы өтініш түсірген. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда сәл азырақ. Мұнда бір аптада 6 миллионға жуық өтініш түскен кездер де болған.

Елде жалпы жұмыссыздық деңгейін Ұлы дағдарыс кезеңіндегі жағдаймен салыстыруға болады. Сәуір айында жұмыссыздық деңгейі 14 пайызға жеткен, мамыр айында 20 пайыздан асады деген болжам бар.

Жұмысынан айрылған азаматтар пәтерақысын төлеуге көмектесуді сұрап тұр. АҚШ, Калифорния штаты.
Жұмысынан айрылған азаматтар пәтерақысын төлеуге көмектесуді сұрап тұр. АҚШ, Калифорния штаты.

Дегенмен АҚШ-та наурыз айының ортасынан бері алғаш рет жұмыссыздар санының төмендей бастағаны байқалады. Егер өткен аптада 25 млн азамат жәрдемақы алса, осы аптада 21 млн адам алған.

Миллиондаған америкалықтардың жұмысынан айрылуының басты себебі - коронавирусқа байанысты кәсіпорындар жұмысының шектелуі. АҚШ-та карантин шаралары наурыз айының екінші жартысынан бастап енгізіле бастаған. Сәуір айының соңында шектеу шаралары біртіндеп жойыла бастады. Президент Дональд Трамп әкімшілігі карантиннен шыққаннан кейін жұмыс орындары жылдам қалпына келеді деп санайды.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны жағынан АҚШ алда тұр. Мұнда вирустан 100 мыңнан астам адам қайтыс болған. 1,7 млн адамға вирус жұққан. Президент Дональд Трамп қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

07:17 29.5.2020

Қазақстанда бір күнде 356 адамнан вирус табылды, 132 адам дерттен айықты

Өткен тәулікте Қазақстанда 356 адамнан коронавирус табылды. Коронавирус жұқтырғандар саны жағынан республикада алдыңғы орындарда тұрған Алматы қаласында - 84, Нұр-Сұлтан қаласында - 48 адамға вирус жұққан. Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысында ондаған адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы 29 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Елде барлығы 9932 адамға вирус жұққан.

  • Алматы қаласы – 84 (Барлығы 2462)
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 48 (Барлығы 1868)
  • Атырау облысы – 21 (Барлығы 980)
  • Шымкент қаласы – 32 (Барлығы 762)
  • Қарағанды облысы – 34 (Барлығы 788)
  • БҚО – 51 (Барлығы 544)
  • Жамбыл облысы – 3 (Барлығы 365)
  • Түркістан облысы – 0 (Барлығы 354)
  • Алматы облысы – 7 (Барлығы 326)
  • Қызылорда облысы – 6 (Барлығы 330)
  • Ақтөбе облысы – 0 (Барлығы 304)
  • Павлодар облысы – 5 (Барлығы 197)
  • Маңғыстау облысы – 40 (Барлығы 217)
  • Ақмола облысы – 2 (Барлығы 151)
  • Қостанай облысы – 0 (Барлығы 136)
  • ШҚО – 23 (Барлығы 97)
  • СҚО – 0 (Барлығы 51)

Бір күнде 132 адам жазылған. Барлығы 4900 адам айыққан. 37 адам қайтыс болған.

Тағы

XS
SM
MD
LG