Қазақстанда 1 маусымнан бастап блокбекеттер алынады
Қазақстанда 1 маусымнан бастап қалааралық блокбекеттер алынады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов хабарлады. Оның айтуынша, блокбекеттер алынғаннан кейін азаматтар жеке көліктерімен де қала мен облыс арасында жүре алады.
Тайжановтың сөзіне қарағанда 5 маусымнан бастап, қалааралық автобустар да жүре бастайды. Жолаушыларды тасымалдау бойынша жасалған арнайы алгоритмге сәйкес, соңғы аялдамаларда автобустарды дезинфекциялау, салонға тек маскамен кіргізу, жолаушылар арасында кемінде бір метрлік арақашықтықты сақтау, жүргізушілерді маска, қолғаппен қамтамасыз ету сияқты шаралар қарастырылған.
1 маусымнан бастап Қазақстанда жолаушылар пойызы да біртіндеп жүре бастайды. Пойыздар әуелі ішкі бағыттар бойынша жолаушы тасымалдайды. Жолаушылар темір жол вокзалдарына маска тағып кіруі тиіс.
Бұған дейін ішкі бағыттар бойынша әуе қатынасы қалпына келген еді. 29 мамырда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлік өкілдері халықаралық әуе тасымалдауды қалпына келтіру мәселесін қарастырып жатқанын, бастапқы кезеңде "індеттің беті қайтқан" Қытай, Оңтүстік Корея және Әзербайжан сияқты елдермен әуе тасымалы қалпына келеді деп мәлімдеген.
Қазақстанда наурыз айында коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланып, қалалар мен облыстарда карантин жарияланған болатын, әуе және пойыз қатынасы тоқтаған еді. Қалалар мен облыстарда блокбекеттер қойылған. Елде төтенше жағдай 11 мамырда аяқталғанмен карантин шаралары сақталып қалды.
Дегенмен Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азаймай отыр. Соңғы мәлімет бойынша, науқастар саны 10 мыңға жуықтаған. Бұл бастапқы кезде айтылған ресми болжамнан бірнеше есе көп. 37 адам қайтыс болған.
Ресейде бір күнде 8500-ден астам адамнан коронавирус табылды
Ресейде өткен тәулікте 8572 жаңа науқас анықталған. Оның үштен бірі яғни, 2332-і Мәскеуде тіркелген.
Елде науқастардың жалпы саны 387 623 адам болды. 159 мыңнан астамы жазылған. 4374 адам қайтыс болған.
Жақында Мәскеу қаласының денсаулық сақтау департаменті коронавирус туралы ресми деректі өзгерткен. Ведомство іс жүзінде коронавирустан 636 емес, 1753 адам қайтыс болғанын мойындады. Коронавирус өліміне байланысты айырмашылықты билік өкілдері оларды анықтау методикасы ерекшелігімен байланыстырады.
Бұған дейін Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар санына күмән келтірген халықаралық сарапшылардың пікірін билік жоққа шығарған еді.
- Авторы: Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ
Қазақстанда вирус жұқтырған кем дегенде 72 адам қайтыс болған. Ресми деректе - 37 адам
Елде вирус жұқтырғандар 10 мыңнан асты
Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 29 мамырда Facebook желісіндегі тікелей эфирде елде коронавирус жұқтырғандар 10 мыңнан асты деп мәлімдеді.
"Бірақ вирустың күнделікті өсуі көрсеткіші 3-5 пайызды құрайды. Кейбір аймақта өсім бұл көрсеткіштен асып кетіп жатыр. Бұл вирус ошақтарыныңкөрсетеді" деді ол.
Министрдің сөзінше, вирус ошақтарының арасында кәсіпорын бар. Осыған дейін Атырау облысында "Теңіз" мұнай кенішінде, Шымкенттегі "ПетроШымкент" мұнай орнында, Қарағанды облысы "Қазақмыс" кен орнында вирус тарағаны хабарлаған. Бұл жерлерде қазір карантин жарияланған.