Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

10:22 20.6.2020

IOM пандемияға байланысты Қазақстан шекарасында қалған жүздеген тәжік азаматының елге қайтуына көмектесті

Коронавирусқа байланысты енгізілген шектеудің кесірінен Қазақстанда қалып қалған жүздеген тәжік азаматы халықаралық ұйымның көмегімен еліне оралды. 

Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (IOM) Азаттыққа 19 маусымда 635 азамат мінген 14 автобустың қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы" бақылау-өткізу пунктінен Өзбекстанға қарай өткенін айтты. 

Қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы" бекетіндегі автовокзалды отырған тәжік мигранттары. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, 2 маусым 2020 жыл.
Қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы" бекетіндегі автовокзалды отырған тәжік мигранттары. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, 2 маусым 2020 жыл.

IOM дерегінше, олардың арасында жұмысшылар, студент-мигранттар, әйелдер мен балалар да бар. 

Бұл сапарға Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан үкіметі келісім берген. IOM ұйымының хабарлауынша, тәжік азаматтарын үйге жеткізу сапарын АҚШ, Норвегия және ЮНИСЕФ қаржыландырған. 

Үйіне қайтқан азаматтардың 25 пайыздан астамы - Қазақстан университеттерінде оқып жүрген 15-24 жас аралығындағы жастар. 15 пайызға жуығы - әйелдер мен балалар. 

Наурыз айының соңында Өзбекстан коронавирус пандемиясына байланысты шекарасын жапқан. Содан кейін Өзбекстан арқылы өтетін көрші елдердің азаматтарына шекарадан өтуге рұқсат беруді тоқтатқан. Осыдан соң Қазақстанда жұмыс істеп жүрген жүздеген тәжік азаматы еліне өте алмай қалған.

12:18 20.6.2020

Шымкент пен Түркістан облысында пневмониямен ауырғандар күрт артты

Шымкент қаласы және Түркістан облысында пневмониямен ауырғандар саны күрт артты. Бұл туралы 20 маусым күні қалалық және облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нахыпқызының айтуынша, медициналық мекемелерге келіп жатқан науқастар саны көп. Оларды жатқызуға тесек-орын жеткілікті. Қосымша орын дайындалып жатыр. Қазір медициналық ұйымдарда 318 адам пневмониямен емделіп жатыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,2 пайызға көп. Пневмониямен жедел жәрдем шақырушылардың саны 50 пайызға артқан. Пневмонияға шалдыққан 300-ден астам адам арасында 110 науқастан коронавирус анықталған.

Аурухана алдында жүрген жұмысшы. Көрнекі сурет.
Аурухана алдында жүрген жұмысшы. Көрнекі сурет.

Азаттық тілшісі соңғы уақытта Шымкентте дәріханаларда дәрілердің шектеліп беріп жатқанын байқады. Дәріхана қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, соңғы аптада дене қызуы көтерілген тұрғындар көбейген. Олар көбіне антибиотиктер сұрап келген. Дәріханаларда анальгин, димедрол сияқты дәрілерді сату шектелген.

Процедуралық кабинеттерге де келушілер көбейген. Онда жүрегі айнып, лоқсып жатқан, дене қызуы көтерілген, дәм сезбей қалған, әлсіздік басқанын айтып шағымданғандар жиі кездеседі. Олардың ішінде жасы да, зейнеткерлер де бар.

- Бір аптадан бері дене қызуым көтеріліп, әлсіздік басты. Күнде дәрі ішіп, ине салдырып отырмын. Қазір дене қызуым басылғанымен әлсіздік кетпей жатыр, - дейді аты-жөнін айтудан бас тартқан тұрғын.

Түркістан облысында да соңғы бір аптада пневмониямен ауырғандар саны көбейген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, маусым айында 600-ге жуық адам пневмониямен ауырып, ауруханаға түскен. Олардың тең жартысы жазылып, үйіне жіберілген.

Облыста ауырып, емханаға түскендерге орын таппай жатқаны туралы Facеbook парақшаларына жазып жатқан қолданушылар бар. Дегенмен денсаулық сақтау басқармасы қазір орын жеткілікті екенін айтады. Олардың айтуынша, аудандардан қосымша медицина қызметкерлері тартылып жатыр. 

Бұған дейін Ақтөбе облысында да пневмонияға шалдыққандар 6 есеге көбейгені хабарланған еді. Жағдай қиындағандықтан дәрігерлер ауруханалардан қосымша орын дайындауға мәжбүр болған. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы пневмонияны емдейтін дәрігерлер тапшылығын да айтқан.  

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында пневмонияға шалдыққандар 6 есе көбейді, дәрігерлер тапшы 

15:14 20.6.2020

Қырғызстанда бір күнде үш адам коронавирустан қайтыс болды

Бұл ақпаратты Қырғызстанның денсаулық сақтау вице-министрі Нурболот Усенбаев хабарлады. Ошта облысаралық ауруханада - 1961 жылғы әйел адам, Кара-Су ауданында 1959 жылғы ер адам, Тюп ауданы ауруханасында 1958 жылғы ер адам қайтыс болған. 

Медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.

Министрліктің айтуынша, Тюп ауданының тұрғыны бұған дейін жасанды аппаратпен тыныс алған. Оған пневмония және "жүрек жетіспеушілігі" диагнозы қойылған. 1960 жылғы Ош қаласында тұрған әйел ауруханаға 15 маусымда түскен. 1959 жылғы Кара-Су ауданының тұрғыны дене қызуы көтеріліп, жөтелетініне және ауыр тыныс алатынына шағымданған. Бұған дейін инфарктың асқынған түрі және гипертониямен ауырған. 

Қырғызстанда коронавирустан барлығы 35 адам қайтыс болған. Жалпы 2981 адамнан коронавирус табылған. 1981 адам жазылып, ауруханадан шыққан. 

15:40 20.6.2020

Ресейде вирус жұқтырғандар 576 952 адамға жетті

Ресейде бір күнде 7 889 адамнан коронавирус табылды. 161 пациент қайтыс болды. Олардың 34-і Мәскеуде тұрады. Бір күнде 10 186 адам жазылған.

Жедел штаб мәліметінше, жаңа анықталған науқастардың 32 пайызында симптом байқалмаған. Ресейде барлығы 576 952 адамнан коронавирус анықталған. 8002 адам қайтыс болған. 334 592 адам жазылған.

Тағы

XS
SM
MD
LG