Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

12:32 22.6.2020

Түркістан әкімі Рашид Аюпов коронавирус жұқтырды

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов.
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов коронавирусты жұқтырғанын хабарлады.

“Осыдан бірнеше күн бұрын денсаулығым сыр беріп, дәрігерлер көмегіне жүгінген едім. Алдыңғы күні тапсырған ПТР анализі оң нәтиже көрсетіп, Covid-19 індетіне шалдыққанымды растап отыр” деп жазды Аюпов Facebook-те.

Әкім жұмыс бабымен адам көп жерлерде жүруге мәжбүр болғанын, ал вирустың кімнен жұққанын білмейтінін айтты.

“Осыған орай, үйде оқшаулануға мәжбүрмін. Жұмысты алшақтан қадағалап, пайдалы болуға тырысамын. Дегенмен, қала әкімдігі жұмысы уақытша орынбасарым Мұсаев Тәжібек Қалманұлына жүктелді” деді ол.

Қала басшысы әкімдік ғимараты залалсыздандыралытынын, қызметкерлер анализ тапсыратынын мәлімдеді.

39 жастағы Аюпов Түркістан әкімі болып 2019 жылдың шілдесінде тағайындалған.

23:01 22.6.2020

Шымкентте бір күнде төрт адам пневмониядан қайтыс болды

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы 21 маусым күні қаладағы темір жол ауруханасында төрт адам пневмониядан қайтыс болғанын хабарлады. Марқұмдар қант диабеті, өкпе, жүрек ауруларымен де ауырған.

Шымкент денсаулық сақтау басқарамасы маусым айының басынан пневмониямен ауруханаға түскендер саны 360-қа жеткендіктен қалада қолайсыз эпидемиялогиялық жағдай қалыптасқанын мәлімдеді. Пневмонияға шалдыққандардың жүзден астамынан коронавирус табылған.

Басқарма қалада жедел жәрдемге хабарласатындар күрт көбейгенін де хабарлады.

Қаладағы №10 қалалық емхананың бас дәрігері Махаббат Тұрғынбаеваның сөзінше, қазір қалада жедел жәрдем қызметіне күніне екі мыңға жуық адам хабарласып, көмек сұрап жатыр. Олардың дені жұқпалы ауруларға шалдыққан.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қалада дәріханаларда да кезек көбейген. Көбі дене қызуын түсіретін антибиотиктер сатып алып жатыр. Кей дәрілердің бағасы өскен. Мысалы, екі күн бұрын Цеф-3 антибиотигі 1200 теңге болса, қазір 1330 теңгеден сатылып жатыр.

20 маусым күні қалалық денсаулық сақтау басқармасы Шымкентте пневмониямен ауырғандар саны күрт артқанын мәлімдеген.

Ақтөбе облысында да пневмониямен ауырғандар күрт артқан. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы Ақтөбеде пневмониямен ауруханаға түскендердің анализінен коронавирус табылмады. Бірақ дәрігерлер науқастарды COVID-19 дертінің алгортимімен емдеп жатқанын хабарлады.

Ақтөбе, Шымкент, Түркістан облысында пневмония індеті елде коронавирус пандемиясы өршіп тұрған тұста көбейіп жатыр. Елде 22 маусымдағы мәліметке сай, 27 мыңнан аса адамнан коронавирус табылды. COVID-19 дертінен 127 адам қайтыс болды.

23:15 22.6.2020

Елде тағы жеті адам коронавирустан қайтыс болды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 22 маусымдағы мәліметіне сай, елде тағы 7 адам қайтыс болды. Олардың басым бөлігі – Нұр-Сұлтанда. Ел астанасында 53, 64, 58, 45 жастағы ер адамдар және 53, 69 жастағы әйел адамдар; Қостанай облысында 71 жастағы ер адам COVID-19 дертінен көз жұмды.

Өлім-жітімді зерттеу комиссиясы бұл марқұмдардың қазасына COVID-19 дерті себеп болды деген шешім қабылдаған.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 127 адам қайтыс болды.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 38
  • Алматы қаласы – 20
  • Павлодар облысы – 13
  • Шымкент қаласы – 13
  • Қарағанды облысы – 10
  • Ақмола облысы – 8
  • Түркістан облысы – 8
  • Батыс Қазақстан облысы – 6
  • Қостанай облысы – 3
  • Атырау облысы – 3
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Ақтөбе облысы – 1
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1

Кейінгі уақытта елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейіп, елде күнде кем дегенде 4-5 адам COVID-19 дертінен қайтыс болғаны хабарланып жатыр.

Қазақстан билігі коронавирус жұқтырған кем дегенде 54 марқұмды ресми статистикаға қоспай отыр. Министрлік олардың өліміне "коронавирус емес, басқа дерттері себеп болды" дейді.

07:56 23.6.2020

Коронавирус ауру симптомы бар 500-ге жуық адамнан анықталды. Тәулік бойынша Шымкент алға шықты

22 маусым күні Қазақстанда коронавирус ауру симптомдары бар 499 адамнан анықталды. Бір күнде осыған дейін ауырғандардың 261-і жазылып шығып, 7-уі қайтыс болды.

  • Шымкент қаласы - 61 (4,7%)
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 59 (1,8%)
  • Қарағанды облысы - 53 (2,8%)
  • Алматы қаласы - 39 (1,2%)
  • Атырау облысы - 35 (2,4%)
  • Қостанай облысы - 33 (10,2%)
  • Шығыс Қазақстан облысы - 31 (7,2%)
  • Батыс Қазақстан облысы - 29 (2,5%)
  • Ақтөбе облысы - 25 (4,0%)
  • Түркістан облысы - 22 (3,7%)
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 21 (9,3%)
  • Ақмола облысы - 21 (6,4%)
  • Павлодар облысы - 21 (4,2%)
  • Қызылорда облысы - 17 (3,1%)
  • Жамбыл облысы -16 (2,7%)
  • Алматы облысы - 14 (2,4%)
  • Маңғыстау облысы - 2 (0,5%)

Қазақстан билігі 3 маусымнан бері коронавирус жұқтырғандарды ауру белгісінің бар-жоғына қарай екі бөлек есептеп келеді. Ауру белгілері барын “ауырғандар”, жоғын “тасымалдаушы” деп атады. Билік соңғысын вирус жұқтырғандардың негізгі статистикасына кіргізбей отыр. Ал коронавирустың таралуын бақылап отырған әлемдік денсаулық сақтау ұйымдары мен орталықтары биліктің ресми дерегіне сүйеніп, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың санын көрсетерде ауру белгісі жоқ жағдайларды ескермей отыр.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 28 856 адамнан короанавирус анықталды. Оның, билік айтқандай, 18 231-і ауру симптомдары бар "ауырғандар" да, 10 625-і ауру симптомдары жоқ "тасымалдаушылар". Барлығы 11 158 адам жазылып шығып, 127 адам қайтыс болды.

Тағы

XS
SM
MD
LG