1944 жылы мамырда совет диктаторы Иосиф Сталин Қырым татарларын "нацистік Германияны жақтайды" деп айыптап, атамекенінен Орталық Азияға жаппай депортациялауды бұйырды. Совет билігі оларды мал таситын вагонға тиеп жер аударды. Жол-жөнекей және бейтаныс жерге келген алғашқы бірнеше айда ондаған мың Қырым татары ауыр бейнетті көтере алмай қаза болды. Украина парламенті Қырым татарларын жаппай депортациялауды геноцид деп таныды. Азаттық Қырым татарларының сталиндік депортацияға дейінгі өмірі, салт-дәстүрі мен мәдениетінен сыр шертетін тарихи фотосуреттер ұсынады.
ПІКІРЛЕР