Accessibility links

Қазақстандағы поляктар: депортация тарихы

Алматыда поляктардың Қазақстанға жаппай депортацияланғанына 80 жыл толуына арналған шаралар өтіп жатыр. Олардың кейбірі туралы Азаттық фоторепортажы.

Қазіргі Қазақстан аумағында поляк халқының жекелеген өкілдері сонау патшалық Ресей билігі тұсында да тіршілік кешіп, еңбек еткен. Бірақ Қазақстанға поляктардың негізгі бөлігі күштеп жер аударылған. Олардың алғашқы легі 1936 жылы, онан соң 1939-1941 жылдары келген. 1941 жылы Қазақстан жерінде кемінде 100 мың поляк болған. Соғыс аяқталғаннан кейін Польша азаматтығы барлары Отанына оралған. СССР азаматтығын алған поляктар негізінен Қазақстанда қалуды ұйғарған.
Түгелін оқыңыз

Поляктардың Қазақстанға жер аударылғанына 80 жыл толуына орай Алматыдағы Рим католик шіркеуінде өткен месса. 5 қараша 2016 жыл.
1

Элиот Марецки әкей (кафедрде) мен Қапшағайдағы құдай ана Мария атындағы діни орын өкілі Артур Зарась әкей (сырт жағында отыр). Рим католик шіркеуіндегі месса поляк тілінде өтті. Алматы. 5 қараша 2016 жыл.
2

Соборда оңтүстік Қазақстандағы католиктердің тарихы мен жәдігерлеріне арналған бұрыш бар. Оған қазақ даласына депортацияланғанға дейін поляктардың тұрғылықты жерінен әкелінген заттар да қойылған. Мысалы, 1931 жылы поляк тілінде басылып шыққан мына бір дұғалық кітапшасы Алматы облысы Жанашыр ауылында тұратын Вереника Кардаштың отбасы архивінен алынған.
3

Польшаның Алматыдағы бас консулы Анджей Папеж Қазақстанға поляктардың күштеп жер аударылғанына 80 жыл толуына арналған шараның ашылуында сөйлеп тұр. Алматы, 4 қараша 2016 жыл.
4

Тағы

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG