Әлем елдерінде фототілшілер назарына ілінген адамдар мен оқиғалар туралы фотогалерея.
Әлемнің алуан бейнесі
1
Гуджарат штатындағы Гандинаджар қаласында Республика күніне арналған мерекелік шарада жаттығу жасап жатқан Үндістан қарулы күштері сарбазы.
2
Таңертеңгілік мезгілде Лахор қаласындағы базарға баруға дайындалып жатқан пәкістандық саудагер.
3
Польшада нацистер Освенцим (Аушвиц-Биркенау) концентрациялық лагерінде қамауда ұстаған тұтқындарды совет әскерінің азат еткеніне биыл 71 жыл толды. Нацизм құрбандарына қойылған ескерткіш қабырғасына әлдекім қағазға жазып қалдырған хат.
4
Тайвань қарулы күштері сарбаздары Цзиньмэнь аралындағы жаттығу кезінде.
5
Тегерандағы ескі базарда түрлі-түсті жіп сатып отырған адам.
6
Ляонин провинциясы Шэньян қаласында қысқы жаттығуға қатысушы Қытай полицейлері.
7
Ауғанстанның солтүстік-батысында орналасқан Герат қаласындағы ұстаханада.