Accessibility links

Джохар Царнаев және оның отбасы

Джохар Царнаев 2013 жылы Бостондағы жарылысты ұйымдастырғаны үшін айыпты деп танылсын. АҚШ сотының алқа билері 2002 жылы осы елге қоныс аударған шешен отбасынан шыққан жігіттің тағдырына қатысты осындай кесім айтты.

АҚШ-тың Массачусетс штатында өтіп жатқан сотта алқа мүшелері Джохар Царнаевты 2013 жылы сәуірде Бостондағы марафон кезінде үш адамды мерт қылып, 260 адамды жаралы еткен жарылысты ұйымдастырған деп таныды. Сонымен бірге ол полицейді өлтірген және көлік ұрлаған деп айыпталып отыр. Енді алқа судьялар 21 жастағы жігітке қандай жаза тағайындалатынын – я оны өлім жазасына кесуді немесе оған рақымшылыққа ілігу құқығынсыз өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын беруді талқыламақ.

Қорғаушылары Царнаевтың айыпты екенін сот бастала салғанда-ақ мойындағанымен, оны жарылыстан бірнеше күннен кейін полициямен атыста оққа ұшқан ағасы Тамерлан Царнаевтың «ықпалында болған» дегенді алға тартып келген.

Царнаевтар отбасы Сталин тұсында депортациялауға ұшыраған көптеген шешендерге пана болған Қырғызстанда тұрғаны мәлім. Олар сондай-ақ, Ресейдің мұсылмандар басым тұратын Дағыстан республикасын мекен еткен. 1999 жылы екінші шешен соғысы кезінде Солтүстік Кавказда зорлық-зомбылық оқиғалары күрт көбейген соң бассауғалаған Царнаевтар отбасы ақыр соңында АҚШ-қа қоныс аударып, 2012 жылы Джохар Царнаев АҚШ азаматтығын алған.

XS
SM
MD
LG