Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 25 қазанда жариялаған есебінде, әлемде Эбола дертіне шалдыққандар саны 10 мың адамнан асқаны айтылған. Қауіпті вирус жұқтырғандар 8 елде тіркелген. Осы уақытқа дейін індеттен 4922 адам көз жұмған.
Эбола әлемге тарап жатыр
1
Микроскоппен қарағанда Эбола вирусы осылай көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы деректері бойынша, індетті жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандардың көбі Батыс Африкадағы үш мемлекет – Либерия, Гвинея және Сьерра-Леоне аумағында тіркелген. Ол үшеуінен өзге елдерде қазіргі күні Эбола салдарынан адам қазасы болған он оқиға белгілі болып отыр.
2
Эбола вирусы жұққан науқастармен жұмыс істейтіндерге арнайы киім тігетін шеберхана. Қытай, 23 қазан 2014 жыл.
4
Эбола індетінен қайтыс болған кісінің денесін көлікке салып жатқан адам. Либерия, 13 қазан 2014 жыл.
5
Македония астанасы маңындағы Alexander the Great қонақүйіне түскен туристерді науқас адамды анықтайтын арнайы тепловизиялық камера арқылы бақылап отырған медициналық қызметкер. Скопье, 10 қазан 2014 жыл.
6
Эбола вирусына қарсы вакцинаны денесіне салғызып тұрған ерікті. Бамако, Мали республикасы. 9 қазан 2014 жыл.
7
Эбола дертіне қарсы күрес дайындығынан өтіп жатқан АҚШ сарбаздары. Форт-Кэмпбелл, Кентукки штаты. 9 қазан 2014 жыл.
8
Арнайы киімдегі жұмысшылар Эбола вирусын жұқтырған адам тұрған пәтерді тазалап жүр. Даллас, Техас штаты, АҚШ. 6 қазан 2014 жыл.
9
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлері Монровия қаласындағы денсаулық сақтау орталығында жатқан науқастарды Эбола дертіне тексеріп жатыр. Либерия, 3 қазан 2014 жыл.
10
Қауіпті індеттен көз жұмған адамның денесін алып кетуге келген арнайы топ. Моровия, Либерия. 9 қыркүйек 2014 жыл.
11
Дәрігерлер Либериядан Эбола дертін жұқтырып оралған деген күдікке ілінген адамды көлікке салып жатыр. Мадрид, Испания, 7 тамыз 2014 жыл.
12
Індеттен қорғану үшін арнайы киім киген дәрігерлер Либериядан Эбола дертін жұқтырып оралған деген күдікке ілінген адамды Мадридте алып кетуге дайындап жатыр. Испания, 7 тамыз 2014 жыл.
13
Эбола дертіне шалдыққан адам. Сьерра-Леоне, маусым, 2014 жыл.
14
Эбола дертін жұқтырған науқастарға арналған аурухана. Либерия, маусым, 2014 жыл.
15
Эболамен ауыратын адам. Гвинея, маусым, 2014 жыл.