Accessibility links

Әкім сайлауы - 2021

25 шілде күні Қазақстанда аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауыл округі әкімдерін сайлайды. Биліктің дерегінше, бұл күні 730 әкім сайланбақ. Ақорда бұл сайлауда "саяси реформаның" кезекті қадамы деп атаса, сыншылар қолында билік пен қаражат жоқ ауыл әкімін сайлау авторитарлық саяси жүйені өзгертпейді дейді.


Ақмола облысында кей учаскеде бақылаушы жоқ

Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылдық округіндегі №733 сайлау учаскесінде бірде-бір байқаушы болмады. Бұл туралы учаскеге барған Азаттық тілшісі хабарлады.

"Сайлау комиссиясының өкілі "таңнан бері бірнешесі кіріп-шығып жүр, бір адам қалған. Ол да әжетханаға кетті-ау" деді сайлау комиссиясының өкілі.

Ақмола облысында сайлауком өкілі "Нұр Отан" мүшесі екенін білмейді

Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылдық округіндегі №640 сайлау учаскесінің комиссия өкілі Айман Сатыбалдиева "Нұр Отан" партиясының мүшесі екенін білмейтіп болып шықты. Партиясын еске түсіруге әріптестері көмектесті.

Округте үш сайлау учаскесі болса, соның екеуі бір мектепте, біреуі мәдениет үйінде орналасқан.

БҚО: Сайлауком дауыс берушілердің аз келуі карантин мен ауа райына байланысты дейді

Теректі ауданы Ақжайық ауылында түске дейін дауыс беруге сайлаушылардың 30 пайызы ғана келді деп мәлімдеді учаскедегі сайлау комиссиясының төрағасы.

Комиссия сайлаушылардың қатысу деңгей төмен екенін мойындады, мұны карантинмен және күннің ыстығымен байланыстырады.

МИСК ұйымының аралық қорытындысы

25 шілдедегі сайлауды бақылап отырған Қазақстан жастары ақпарат қызметі (МИСК) қоғамдық ұйымы ​сағат 14:00-де аралық қорытындысын шығарды.

Ауыл әкімі сайлауында дауыс беріп жатқан әйел. Іле ауданы, Алматы облысы. 25 шілде 2021 жыл.
Ауыл әкімі сайлауында дауыс беріп жатқан әйел. Іле ауданы, Алматы облысы. 25 шілде 2021 жыл.

МИСК пікірінше, ауыл әкімі сайлауының мынадай ерекшеліктер байқалған:

  • "Кандидатты танымайтын, науқанды көрмеген сайлаушылар көп";
  • "Үлкенде өзгеріске сенбейді, жастар сайлау процесіне қызықпайды";
  • "Ауылдарда қалаларға қарағанда бақылаушыларға күдікпен қарайды: дауласпайды, бірақ көргісі де келмейді";
  • "Сайлауды мемлекеттік телеарналар белсенді түрде қамтып отыр. Билік мұны заңдағы өзгерісті атап өту үшін әдейі істеп отырғанға ұқсайды";
  • "Ауыл тұрғындары бір-бірін танығандықтан, ойын айтудан қымсынады, ауылдасы жақындай қалса, үндемей қояды";
  • "Комиссия мүшелері тәуелсіз бақылаушылар туралы алғаш рет естіген, бірақ жұмысына кедергі келтірмеген";
  • "Жергілікті адамдар ашылып сөйлемейді, сұхбат беруден бас тартады".

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG