Accessibility links

Қазақстандық спортшы Ербол Хамитов паралимпиада чемпионы атанды

Ербол Хамитов паралимпиада чемпионы атанған сәт. 13 наурыз 2026 жыл.
Ербол Хамитов паралимпиада чемпионы атанған сәт. 13 наурыз 2026 жыл.

Италияда өтіп жатқан қысқы паралимпиада ойындарында қазақстандық Ербол Хамитов биатлоннан із қуып жарысу сынында алтын медаль алды.

Екінші орынды спортшы Тарас Рад (Украина) иеленген. Қола медаліне қытайлық спортшы Цзысюй Лю ие болды.

Бұл – Хамитовтың паралимпиададағы екінші жүлдесі. Үш күн бұрын ол шаңғы жарысынан қола медаль алған еді.

Хамитов мәре сызығын кескен сәт. 13 наурыз 2026 жыл.
Хамитов мәре сызығын кескен сәт. 13 наурыз 2026 жыл.

28 жастағы Хамитов шаңғы және биатлонмен қатар айналысады. Ол паралимпиада чемпионы атанғанға дейін шаңғыдан да, биатлоннан да әлем чемпионы болған. Қазақстан қазір Хамитов алған бір алтын, бір қола жүлдемен жалпы командалық есепте 17-орында келеді. Италиядағы паралимпиадада барлығы 25 ел медаль иеленген. Жарыс 15 наурызда аяқталады. Хамитов – қысқы паралимпиадада алтын медаль алған екінші қазақстандық. 2018 жылғы паралимпиадада Александр Колядин шаңғы жарысында чемпион атанған еді.

Қазақстан үшінші қысқы паралимпиада қатарынан жүлде иеленді. 2022 жылы Пекин паралимпиадасында Александр Герлиц биатлоннан қола медаль алған.

XS
SM
MD
LG