Accessibility links

Польша мен Ресей тең түсті


Полиция Ресей жанкүйерлерін жергілікті фанаттардан ажыратып алып тұр. Варшава, 12 маусым 2012 жыл
Полиция Ресей жанкүйерлерін жергілікті фанаттардан ажыратып алып тұр. Варшава, 12 маусым 2012 жыл

Варшавадағы Польша-Ресей матчы 1-1 есебімен тең бітті. Ресейліктер А тобында екі ойыннан төрт ұпай жинап, бірінші тұр.


Польша мен Ресей ұлттық құрамаларының матчы басталар алдында екі команданың жанкүйерлерінің арасында жаппай төбелес болды.

РБК агенттігінің хабарлауынша, Варшава стадионына қарай нөпірімен жылжыған бес мыңға таяу ресейлік жанкүйерді поляк фанаттары күтіп алған. Ресейліктерді
Ресейлік жанкүйерлер Варшава стадионына осындай алып постер алып кірген. Матч біткен соң фанаттардың жаппай төбелесі болған. Варшава, 12 маусым 2012 жыл.
Ресейлік жанкүйерлер Варшава стадионына осындай алып постер алып кірген. Матч біткен соң фанаттардың жаппай төбелесі болған. Варшава, 12 маусым 2012 жыл.
онсыз да полицейлер қоршай күзетіп әкеле жатқан. Поляк фанаттары "Қызыл тобырды қуыңдар!" деген ұран тастап, ресейліктерді тоқтатуға тырысқан. Осы сәтте төбелес басталып, поляктар Ресей жанкүйерлерінің қолындағы символикалық заттарды тартып алып, өртеген.

13 ресейлік тұтқындалса, поляктар жағынан 140 адам ұсталған. 10 адам түрлі жарақат алған.

ДЗАГОЕВ ПЕН БЛАЩИКОВСКИ

Кездесуде есепті Ресей құрамасы ашты. 37-минутта алаң ортасынан Андрей Аршавин пас шығарды. Қақпа алдындағы Широков, Дзагоев пен Игнашевич үшеуі бірдей секірген. Доп Дзагоевтың басын жанап өтіп, иығына тиді де, қақпаның оң бұрышынан бір-ақ шықты. Тытонь бұл жолы қапы қалды.

Ал матчтың 57-минутында Польша құрамасы есепті теңестіріп кетті. Негізі бұл жолы Ресей ойыншылары шабуыл ұйымдастырмақ болған. Алайда Аршавин айып алаңының маңында шатасып, допты поляк ойыншыларына беріп қойды. Ал осы тұста Ресей қақпасына жүгірген Польша ойыншылары жартылай қорғаушы Блащиковскиге пас шығарып берді. Ол Ресей қорғанысын бұзып өтті. Гол!

«РЕСЕЙГЕ ЖЕТКІЛІКТІ НӘТИЖЕ»

Кездесу біткен соң Азаттықтың сарапшылар құрамасы ойынға бағаларын берді. Телережиссер, футбол жанкүйері Ғалымжан Сайлаубеков «Польшаның жеңіске деген құштарлығы ерекше болды» дейді.
Польша мен Ресей жанкүйерлерінің төбелесі. Варшава, 12 маусым 2012 жыл.
Польша мен Ресей жанкүйерлерінің төбелесі. Варшава, 12 маусым 2012 жыл.

- Ал Ресейге осы ойында ширек финалға шығу мәселесін бірден шешуге болатын еді. Польша мүмкіндік бермеді. Жалпы, бүгінгі Ресейдің ойыны көптің көңілінен шықпаған болар. Чехиямен ойнаған Ресей құрамасын бүгін алаңнан көре алған жоқпыз. Шаршаңқы сияқты көрінді. Польша бүгін жеңіске лайық еді, - дейді жанкүйер.

Ғалымжан Сайлаубековтің пайымдауынша, Ресей бүгін тең ойнаса да, ештеңе жоғалта қойған жоқ.

- Ресей құрамасы үшін гректермен тең ойнаса да жетіп жатыр. Ал Польшаға келесі ойын қиынға соғады. Олар Чехияны қалайда жеңу керек. Тең ойынның өзі - ұтылыс, - дейді ол.

Ал футбол шолушысы Ермұхамед Мәулен де бұл нәтиже Ресейге жеткілікті деген ойда.

- Ресей құрамасы келесі ойында Грекиядан жеңілуі екіталай. Орыстарда ерекше дәстүр бар. Олар Грекиядан ешқашан ұтылып көрмеген. 2004 жылғы Еуропа чемпионатында гректер чемпион болғанымен, Ресейден ұтылғаны есімізде. Міне, осы дәстүрді Дик Адвокаттың командасы 16 маусымдағы ойында жалғастыруға тырысады, - дейді шолушы.
Польша ОМОН-ы Ресей мен Польша ұлттық құрамаларының матчы кезінде жанкүйерлер төбелесін тарқату үшін резеңке оқ атуға мәжбүр болды. Варшава, 12 маусым 2012 жыл.
Польша ОМОН-ы Ресей мен Польша ұлттық құрамаларының матчы кезінде жанкүйерлер төбелесін тарқату үшін резеңке оқ атуға мәжбүр болды. Варшава, 12 маусым 2012 жыл.

Ермұхамед Мәуленнің айтуынша, бұл ойынның анти-қаһарманы – Андрей Аршавин.

- Польша құрамасының есепті теңестіруіне Аршавин кінәлі. Ол өзі бастаған шабуылды аяғына дейін жеткізе алмай, допты поляктарға беріп қойды. Андрейдің қателігін алаң иелері ұтымды пайдаланып кетті. Бұдан бөлек, Аршавиннің бастаған шабуылдарының көбі аяқсыз қалып жатты. Ал Ресей қақпашысы Малафеев пен Алан Дзагоевтың ойыны көпке ұнады. Польша қақпашысы да Тытонь да өз міндетін тамаша атқарды, - дейді спорт комментаторы.

Футбол фанаты Мейірбек Нүрекеев «Биылғы Еуропа чемпионатынан кейін Алан Дзагоевты сатып алуға ұсыныс жасайтын командалар көбеюі мүмкін» дейді.

- Дзагоев бүгінгі голын ағылшын стилімен баспен соқты. Екі ойында – үш гол. Бұл ойыншы Ресей құрамасын алға сүйреуші екенін дәлелдеді. Ал ойынның өзі тартысқа толы болды, - дейді ол.

ШИРЕК ФИНАЛ МӘСЕЛЕСІ КЕЛЕСІ ТУРДА ШЕШІЛЕДІ

Ал спорт комментаторы Рауан Оқас А тобын «өлім тобына» балап отыр.
Польша арнайы жасағы Ресей мен Польша ұлттық құраламарының матчының қарсаңында төбелесті қыздырған жанкүйерлерді жерге жатқызып тастады. Варшава, 12 маусым 2012 жыл.
Польша арнайы жасағы Ресей мен Польша ұлттық құраламарының матчының қарсаңында төбелесті қыздырған жанкүйерлерді жерге жатқызып тастады. Варшава, 12 маусым 2012 жыл.

- Еуропа чемпионатының алдында жанкүйерлердің көбі А тобын өте жеңіл топ деп бағалады. Бірақ бұл - нағыз қызықты топ. Барлық команданың деңгейі шамалас. Бәрінің де ширек финалға шығуға мүмкіндігі бар. Қазір нағыз тартыс осы топта жүріп жатыр. Команда төртеу, ширек финалға жолдама екеу екенін ескерсек, бұл топтағы тартыс әлі алда, - дейді комментатор.

Матчтан кейін «Россия-2» арнасына берген сұхбатында Ресей бас бапкері Дик Адвокат «Ойын жақсы нәтижемен аяқталды. Бастысы - жеңілген жоқпыз. Енді гректермен өтер ойында ширек финал мәселесін шешуіміз керек. Матч кезінде Аршавин сенімді ақтамады. Мен оны ойын соңына дейін алмастырмай, соққы күттім. Оның көп мүмкіндігі болды. Бірақ жүзеге асыра алмады. Қазір Аршавин шаршаңқы» деді.

Матчтың үздік ойыншысы атағы польшалық Якуб Блащиковскиге берілді. Оған арнайы сыйлықты белгілі француз ойыншысы Кристиан Карамбе тапсырды.

Осымен қос команда төртінші ойындарын өткізді. Бір рет Ресей жеңсе, бір мәрте поляктар басым түсіпті. Екі кездесу тең аяқталған (КСРО кезіндегі нәтижелер есептелмеді).
Матчтың үздік ойыншысы атанған Польша футболшысы Якуб Блащиковскидің гол соққан сәті. Варшава, 12 маусым 2012 жыл.
Матчтың үздік ойыншысы атанған Польша футболшысы Якуб Блащиковскидің гол соққан сәті. Варшава, 12 маусым 2012 жыл.

Ресей құрамасы Еуропа біріншілігінде қатарынан 16 рет жеңіп келеді. Ал Польша командасы өз тарихында Еуропа чемпионатындағы бір ойынды ұта алмады.

Ойын кезінде Польша құрамасы көп шабуылдапты – 9:3. Ал бұрыштама добын орындауда Ресей озған – 8:4. Алаңда Польша ойыншылары 13 рет, Ресей футболшылары 12 рет тәртіп бұзды.

Жаппай тәртіпсіздік матч аяқталған соң да жалғасты. Полиция қақтығыс ушығып кетпес үшін Ресей жанкүйерлерін 20 минуттай стадионнан шығармай ұстап тұрды. Поляк жанкүйерлері ресейліктер отырған фан-аймаққа шабуыл жасап, әйнек құмыралар лақтырды. Полиция поляктарды көзден жас ағызатын газ шашып, резеңке оқпен атқылап таратты.

Поляк және орыс фанаттарының төбелесі:

Поляк және орыс фанаттарының төбелесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:22 0:00
XS
SM
MD
LG