Accessibility links

Бірінші шешен соғысына 25 жыл. Қақтығыс қалай басталып еді?

Осыдан 25 жыл бұрын, 1994 жылы 11 желтоқсанда Ресейдің сол кездегі президенті Борис Ельцин «Шешенстанда қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіпті қамтамасыз ету шаралары» жарлығына қол қойды. Жарлықтан соң Ресей әскерилері Шешенстанға кірді. Бірінші шешен соғысы басталды.

Екі жылдан соң, 1996 жылы жазда Хасавюртте «бейбіт келісімге» қол қойылды. Мәскеу кері шегінді. Ресей бес мыңнан астам әскериінен айырылды, мыңдаған адам мүгедек болып қалды. Ал шешен тарапынан қанша адам қырылғаны әлі күнге дейін нақты емес. Құқық қорғаушылардың есебі бойынша, 25 мыңнан 30 мыңға дейін адам мерт болған.

Ескерту! Суреттерде қан және басқа да зорлық белгілері бар.
This image contains sensitive content which some people may find offensive or disturbing - Click to reveal
Мына әйелге Грозный көшесінде зымыран оғы түскен. Жергілікті тұрғындардан жиналған еріктілер бомбалаудан кейін көшелерді аралап жүр. Келесі бомба түскенше үлгерсе, мәйіттерді алып кетеді немесе жақын маңға жерлейді. 24 қаңтар 1995 жыл.
Ескерту! Суреттерде қан және басқа да зорлық белгілері бар.
This image contains sensitive content which some people may find offensive or disturbing - Click to reveal
Басы мен оң қолы жараланған үш жасар Ахмед Грозныйдан 25 шақырым қашықтықтағы Урус-Мартан ауруханасында жатыр.  Екі шешен соғысында қаза тапқан не зардап шеккен балалардың ресми статистикасы жоқ. 18 қаңтар 1995 жыл.
Ескерту! Суреттерде қан және басқа да зорлық белгілері бар.
This image contains sensitive content which some people may find offensive or disturbing - Click to reveal
Балалар – соғыстың қорғансыз құрбаны. Сегіз жасар бала бомбалау кезінде аяғынан айырылған. Грозныйдың батыс жағындағы Урус-Мартан қаласындағы аурухана. 18 қаңтар 1995 жыл.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG