Accessibility links

Париждегі терактілер

Жұма күні Париждің бірнеше ауданында бір мезгілде жасалған қарулы шабуылдардан, осы кезге дейін түскен мәліметтер бойынша, 120 адам мерт болып, 200-дей адам жараланған. Франция мен Германияның футболдан ұлттық құрамалары жолдастық кездесу өткізіп жатқан Stade de France стадионы маңында үш жарылыс болған. Матчты тамашалауға келгендердің арасында Франция президенті Франсуа Олланд пен екі елдің сыртқы істер министрлері болған, олар дереу қауіпсіз жерге әкетілген. Париждегі шабуылдар үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алды.

XS
SM
MD
LG