Accessibility links

Ресей депутатының Грузияға сапары наразылыққа ұласты

21 мауымға қараған түні Тбилисиде, парламент ғимараты алдында жаппай наразылық өтті. Наразылыққа Грузия парламентіндегі жиында Ресей мемлекеттік думасының депутаты, Парламентаралық православие ассамблеясы төрағасы Сергей Гавриловтың грузин спикерінің орындығына отырғаны түрткі болған. Түрлі мәлімет бойынша, парламент алдына бірнеше мың адам жиналған. Ресей федерациясы коммунистік партиясынан мемлекеттік думаға депутат болып сайланған Сергей Гаврилов Грузияның сепаратистік аймақтары Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тәуелсіз деп таныған Мәскеудің шешімі өзгермейді деген пікір білдірген.

Оппозициялық партия өкілдері Грузия парламенті залына ешкімді кіргізбей, қарсылық танытқаннан кейін ассамблея жұмысын тоқтатқан. Ресейлік делегация Мәскеуге ұшып кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG