Бұл мәліметтер әлемдегі қазіргі жағдайды түсінуге көмектеседі.
Әлем жайлы мәліметтер
1
ВИЧ жұқтырғанын әлі білмейтін адамдар - 19 миллион.
2
Қытайда биыл шамамен 2 мың 400 адам өлім жазасына кесілді.
3
Балалар өлімінің 45 пайызы тоя тамақ ішпеумен байланысты.
4
Әлемдегі әйелдер мен қыздардың 35 пайызы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған.
5
Мың бөлмесі бар, 615 миллион АҚШ доллары тұратын бұл сарай Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жарлығымен салынған.
6
Жоғарғы Рада Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович биліктен кетсін деген шешім шығарғанға дейін Майдандағы наразылар 93 күн тарамай тұрды.
7
"Ислам мемлекеті" террорлық ұйымының күн сайын мұнай сатудан түсіретін пайдасы - 846 мың доллар.
8
Ресейдің Орталық банкі болжамынша, бұл елдің 2015 жылғы экономикалық өсімі 0 пайыз болады.
9
Пәкістандықтардың 89 пайызы ешқашан интернет пайдаланып көрмеген.
10
Әлемде әлі күнге коммунистік режим ресми түрде сақталып қалған 5 ел бар.
11
Қазір әлемде алдын ала тергеуге қамалған адамдар саны - 3 миллион 300 мың. Олар тергеу абақтыларында шамамен 600 миллион күн отырады.
12
Ресей азаматтарының 48 пайызы Сталин репрессиялары қайталанады деп қауіптенеді.