Ұлыбритания үкіметінің халықаралық даму жөніндегі департаментінің жетекшісі Марк Маллалье алты жасынан құстарға қызыға бастаған. Енді ол қауырсынды достарының санағын жүргізуге белсене кіріскен. Ақпанның 14-17-сі күндері аралығында ол басқа да он мыңдаған еріктілер тәрізді он жетінші рет өтетін жыл сайынғы құстар санағына қатысады.
ҒАЛАМДЫҚ ЖОБА
Шараны жабайы құстар туралы дерек жинайтын Great Backyard Bird Count (GBBC) онлайн жобасы авторлары өткізеді. Төрт күн бойы кез келген адам нақты уақыт ішінде әлемдегі барлық құстардың санын анықтап, олар туралы ақпарат жинауға үлес қоса алады.
Маллалье қазір Ауғанстанда жүргендіктен сол елдегі құстарды бақылайды.
- Мен дипломатиялық делегациямен бірге Кабулге келдім. Осындағы бірқатар ағаштарға жем сеуіп қойдым, енді соған келген құстарды аңдимын. Осындай шараның арқасында адамдар бақшасына қонған құстарды зерттеуге, қоршаған ортаны, жабайы табиғатты қорғауға ынталары оянады. Сондықтан да мен құстар санағына қатысқым келді, - дейді ол.
GBBC – Америкадағы орнитологтардың Корнелл зертханасы мен Аудубон ұлттық қоғамының, Канаданың құстарды зерттеу ұйымының біріккен жобасы. Мақсаты - құстарға қатысты дерек жинауға «ғалым азаматтарды» тарту.
Кэти Дейл - Аудубон қоғамының азаматтық ғылым жөніндегі директоры. Оның айтуынша, ғалымдар санақ кезінде жиналған деректерді пайдаланып, құстардың мекен ету ортасындағы өзгерістерді анықтайды және олардың түрлі сырқатқа реакциясын біледі.
- Он мыңдаған ерікті жинаған ақпараттың арқасында құстардың денсаулығына қатысты күтпеген мәліметтер алдық. Мысалы, Солтүстік Америкада GBBC жобасы «Батыс Ніл» вирусынан жапа шеккен америкалық қарғаның саны қалпына келе бастағанын анықтауға көмектесті, - дейді ол.
«ШАРАҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ»
GBBC шарасына қатысушылар бір немесе бірнеше орынды таңдап, сол жердегі құстардың әрекетін кем дегенде 15 минут бақылайды.
Құстарды есептейтін сайтқа тіркелген соң олар өздері көрген құстардың әр түрін жеке сипаттайды. Күн сайын әр жердегі құстар туралы жаңа тізім жасап, оларды көрген уақытын да белгілейді. Құстардың фотоларын жібергендерге арналған сурет байқауы да бар.
Орнитологтар 111 елдегі құстарды бақылап, есебін алғаннан бері құстар санағы халықаралық шараға айналды. 34 миллион 500 мыңнан астам құс есепке алынды. Әзірге әлемдегі құс түрлерінің үштен біріне жуығы тексерілді.
- Бұл - өте тамаша үрдіс. Солтүстік Америкадан тысқары елдер қосылғанда жобамыз кеңейе түседі деп үміттенеміз. Шараға қызығушылық танытқан кез келген жанды birdcount.org сайтына тіркеліп, өткен жылы қатысқан елдердің тізімін қарауға шақырамын. Бұл өте қызық, - дейді Кэти Дейл.
Солтүстік Америка тұрғындары ғаламдық санаққа 130 мың құс тізімін енгізген. Ауғанстаннан тоғыз қорытынды тізім келді, онда құстың жеті түр көрсетілген. Қазақстан мен Сербия - төрт, Черногория - үш, Қырғызстан мен Ресей - екі, Ал Иран пен Пәкістан бір-бірден тізім өткізген.
Кей елдерде қазір қыс екенін ескерсек, санақтың қисынды екеніне күмәнданатындар да табылады. Маллалье Кабулде болған кезінде мұндағы құстарға таңғалғанын айтады.
- Кейбір құстар қақаған аязда да жүре береді екен. Тотыларды тропикалық құс санайтынмын, олар да жүр. Ұзын құйрықты, ашық жасыл түсті тотылар қатты шулайды екен. Орман торғайы деп аталатын торғайлар да бар. «Майна» атты құс бар екен, өзі қоңыр, бірақ бетінде сарғыш дақтары бар. Мұнда сауысқан, кептерлер де көп. Кейде қарақұс, қаршыға, сұңқарға ұқсайтын құстар ұшып өтеді, - дейді ол.
(Антуан Блуаның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)