Accessibility links

Еуропада өлім жазасын қолданатын жалғыз ел


Еуропада өлім жазасын қолданатын жалғыз ел
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:02:15 0:00

Еуропада сот үкімі бойынша өлім жазасын (ату) қолданып келе жатқан жалғыз ел - Беларусь. 2019 жылы ауыр қылмыс жасаған бір адамның сот үкімі орындалған. 1991 жылдан бері елде өлім жазасына кесілген 300-ге жуық адам атылған. Үкім орындалғаннан кейін марқұмның сүйегін отбасына бермейді, қайда жерленгенін айтпайды. 1996 жылғы референдумның ресми қорытындысы бойынша, дауыс беруге қатысқан азаматтардың 80 пайызы өлім жазасын қалдыруды қолдаған. Референдум барысында жаппай заң бұзылғаны туралы хабарлар түскен. Беларусь құқық қорғаушылары мен Батыс елдері Минскіні қолданыстағы заңнан өлім жазасын алып тастауға бірнеше рет шақырды. Олар сот қателігінен кей адамдардың жазықсыз атылғанын айтады. ("Настоящее время" видеосы - орысша.)

XS
SM
MD
LG