Қазақстанның ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан тексеру жүргізу кезеңінде қызметінен шеттетілген. Бұл туралы 8 сәуір күні ҚазТАГ агенттігі хабарлады.
Агенттіктің Данияр Мейірхан жайлы жолдаған сауалына берген жауабында ІІМ баспасөз қызметі "көрсетілген тұлға тексеру жүргізу кезеңінде қызмет міндеттерін атқарудан шеттетілді", деп жазған.
Мейірхан нақты қандай тексеруге байланысты қызметтен шеттетілгені ақпаратта айтылмаған.
Ішкі істер министрлігі де, Мейірханның өзі не өкілдері де бұл жайында ешқандай пікір білдірген жоқ.
Данияр Мейірхан ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы қызметін 2025 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келген.