Accessibility links

Ілияс Есенберлинге арналған көрме

Алматыдағы мемлекеттік орталық музейде қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің (1915-1983) жүз жылдық мерейтойына арналған «Халық жүрегіндегі қаламгер» атты мемориалдық көрме ашылды. Есенберлиннің қаламынан туған 17 романның арасында әсіресе «Көшпенділер» тарихи трилогиясы («Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас») жұртшылыққа кеңінен танымал, бұл шығарманың негізінде 2005 жылы «Көшпенділер» көркем фильмі түсірілген, ал қазір 10 сериялы «Қазақ елі» телесериалы түсіріліп жатыр.

XS
SM
MD
LG