Accessibility links

Тұңғыш аула сыпырушы әйел

61 жастағы ирандық әйел Суғрахани Шәхрабади он шақты жылдан бері аула сыпырушы болып жұмыс істейді.


Әдетте Иранда аула сыпыру - ер адамдардың кәсібі. Ал Суғрахани ханым өзінің мұндай қадамға күнкөріс үшін барғанын айтады. Ирандық БАҚ оны әйелдерден шыққан тұңғыш аула сыпырушы ретінде хабарлап отыр.
Суғрахани Шәхрабади - Солтүстік Хорасан провинциясындағы Пишқалъе ауылындағы аула сыпырушылардың бірі. Оның айтуынша, ауылда оның бұл жұмысын ешкім әбес көрген емес. Жергілікті басшылық Шәхрабадиді бірнеше рет марапаттаған. Алайда аула сыпырушы әйел әзірге медициналық сақтандыруға ие емес.

XS
SM
MD
LG