Accessibility links

Иран зілзаласы: құрбандар саны өсті

Иран-Ирак шекарасындағы күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 300 адамнан асты. Иран ішкі істер министрлігінің 13 қарашада таратқан ақпаратына қарағанда, қуаты 7,3 магнитудаға жеткен зілзаладан Керманшах провинциясы ең көп зардап шеккен. Зілзала дүмпуі Түркиядан Кувейтке дейінгі аймақта сезілген.

Иран БАҚ-ы зілзала құрбандарының саны артуы мүмкін екенін хабарлап отыр. Иран билігі төтенше жағдайлар қызметі құтқару жұмыстарына 13 қараша таң ата кіріскенін хабарлады. Зілзаланың алғашқы дүмпуі 12 қарашада жергілікті уақыт бойынша 21 сағат 48 минутта (Астана уақытымен 13 қараша, сағат 00:08) тіркелген.

Елдің батысында орналасқан Керманшах провинциясы тұрғындарының көпшілігін күрдтер құрайды. Керманшах провинциясы. Иран. 13 қараша 2017 жыл.
Түгел оқыңыз

Тағы

XS
SM
MD
LG