Accessibility links

Мәжіліс президенттікке үміткерлерге қосымша талап қоюды мақұлдады


Парламент мәжілісі бүгін Қазақстан президенттігіне үміткерлерге қосымша талаптар қоюды қарастыратын кейбір заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы конституциялық заң жобасын мақұлдады. Парламент мақұлдаған жобада президенттікке кандидат адамнан "ол қызметке денсаулығы жарамдылығы туралы медициналық анықтама сұрау", "мемлекеттік немесе сайланбалы қызметте кемінде 5 жыл істеген болуы керек" тәрізді талаптар бар. Бұл заңда азаматтардың президенттікке кандидат ретінде өзін-өзі ұсынуына тыйым салу да қарастырылған.

XS
SM
MD
LG