Абайдың туғанына 170 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара тамыздың 7-сінде ақынның туған жерінде жалғасты. Бүгін Абай ауданындағы Жидебай және Қарауыл ауылдарындағы көпшілік-мәдени шараларға аудан, облыс шенеуніктері, ауыл тұрғындары мен той қонақтары қатысты. Осының қарсаңында Семейде арнайы ғылыми-конференция мен "Адамзаттың Абайы" атты салтанатты жиын өткен. Шығыс Қазақстан облысы, 7 тамыз, 2015 жыл.
Қарауылдағы Абай тойы
![Тойға жиналғандар алдымен Абайдың Жидебайдағы кесенесіне барып, ақынға құран бағыштады.](https://gdb.rferl.org/d2a4a8ac-4a5d-4a83-956d-e1400819282e_w1024_q10_s.jpg)
1
Тойға жиналғандар алдымен Абайдың Жидебайдағы кесенесіне барып, ақынға құран бағыштады.
![Ақынның туған жері Жидебайдағы шараға қатысуға келген облыс әкімі Даниял Ахметов (оң жақтан үшінші) Абай музейінің алдында тұр. ](https://gdb.rferl.org/98cb697b-c84e-4c68-84bf-620a53993bb9_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
2
Ақынның туған жері Жидебайдағы шараға қатысуға келген облыс әкімі Даниял Ахметов (оң жақтан үшінші) Абай музейінің алдында тұр.
![Бұдан кейінгі шара Абай ауданының орталығы Қарауылда жалғасты. Бүгін мұнда Мамай батыр ескерткіші ашылды. Мамай батыр – 18-ғасырда өмір сүрген, қазақ жерін жоңғарлардан азат етуге қатысқан батырлардың бірі.](https://gdb.rferl.org/8c2df191-76de-4fb2-9f22-6b3848a8cc14_w1024_q10_s.jpg)
3
Бұдан кейінгі шара Абай ауданының орталығы Қарауылда жалғасты. Бүгін мұнда Мамай батыр ескерткіші ашылды. Мамай батыр – 18-ғасырда өмір сүрген, қазақ жерін жоңғарлардан азат етуге қатысқан батырлардың бірі.
![Қарауылдағы Абайдың 170 жылдық тойына қатысуға келген қонақтар.](https://gdb.rferl.org/b08cc4de-dc72-4d5d-8e4f-378e5fd66d4e_w1024_q10_s.jpg)
4
Қарауылдағы Абайдың 170 жылдық тойына қатысуға келген қонақтар.
![Ауыл жанындағы Қарауыл төбе баурайына тігілген киіз үй қалашығы мен дала сахнасы. Совет заманында бұл жерде шопандар слеті өтетін. Бүгінгі Абай тойында да сол кезден қалған дәстүрдің сақталғаны байқалды.](https://gdb.rferl.org/6712449b-c74b-4c6b-8034-e77899cf80c9_w1024_q10_s.jpg)
5
Ауыл жанындағы Қарауыл төбе баурайына тігілген киіз үй қалашығы мен дала сахнасы. Совет заманында бұл жерде шопандар слеті өтетін. Бүгінгі Абай тойында да сол кезден қалған дәстүрдің сақталғаны байқалды.
![Киіз үй қалашығында көтерілген шаңды басу үшін арнайы техниканың той күні су шашып жүруіне тура келді.](https://gdb.rferl.org/068b5f84-99a7-4f95-897a-1d3f8d22a089_w1024_q10_s.jpg)
6
Киіз үй қалашығында көтерілген шаңды басу үшін арнайы техниканың той күні су шашып жүруіне тура келді.
![Мерекелік көрініс үшін арнайы жабдықталып әкелінген түйе.](https://gdb.rferl.org/83f95748-772a-4fe7-ba33-8396882c61b2_w1024_q10_s.jpg)
7
Мерекелік көрініс үшін арнайы жабдықталып әкелінген түйе.
![Қалыңдық көшін бейнелеген көріністен кейін түйені шөктіріп тұрған адамдар.](https://gdb.rferl.org/a10ad68a-a366-46a4-a85f-7f24164e7c4a_w1024_q10_s.jpg)
8
Қалыңдық көшін бейнелеген көріністен кейін түйені шөктіріп тұрған адамдар.
![Мерекелік көріністе жаугершілік замандағы ту ұстаушыны бейнелеген салт атты адам.](https://gdb.rferl.org/95fd5e7e-086a-4f53-b63c-242afce8540b_w1024_q10_s.jpg)
9
Мерекелік көріністе жаугершілік замандағы ту ұстаушыны бейнелеген салт атты адам.
![Жорға жарысы. 15 шақырымдық бәйге мен 25 шақырымдық аламан-бәйге күн ыстықтығына байланысты түс ауа өткізілетін болды.](https://gdb.rferl.org/858e1bed-eb16-4c95-8efa-2f935bf29386_w1024_q10_s.jpg)
10
Жорға жарысы. 15 шақырымдық бәйге мен 25 шақырымдық аламан-бәйге күн ыстықтығына байланысты түс ауа өткізілетін болды.
![Бәйгеге бапталған атты көз тимеу үшін жарыс алдында осылай жабынмен жауып қоятындар да бар.](https://gdb.rferl.org/0d4a5ef3-b19f-4663-bc8e-9cf02bcafcfa_w1024_q10_s.jpg)
11
Бәйгеге бапталған атты көз тимеу үшін жарыс алдында осылай жабынмен жауып қоятындар да бар.
![Ат жетектеген кейбір адамдардың от алмаған көлікті итеріп қолғабыс етуіне тура келген сәті.](https://gdb.rferl.org/a6c8086f-27e2-4c92-8b38-988d7b5f8c8c_w1024_q10_s.jpg)
12
Ат жетектеген кейбір адамдардың от алмаған көлікті итеріп қолғабыс етуіне тура келген сәті.
![Қарауыл төбе бауырында бұл жерде 1989 жылы "Семей-Невада" қозғалысының да жиыны өтіп, ядролық сынақ құрбандарына ескерткіш тұрғызылатыны айтылған. Бірақ, қазір сынақ құрбандарына арналған ескерткіш туралы мәселе ұмытылған. Тек мына белгі ғана сол кездегі белсенділікті еске салып тұр. ](https://gdb.rferl.org/af7998e3-4973-48c5-9706-0e2d6d2f86bd_cx8_cy11_cw91_w1024_q10_r1_s.jpg)
13
Қарауыл төбе бауырында бұл жерде 1989 жылы "Семей-Невада" қозғалысының да жиыны өтіп, ядролық сынақ құрбандарына ескерткіш тұрғызылатыны айтылған. Бірақ, қазір сынақ құрбандарына арналған ескерткіш туралы мәселе ұмытылған. Тек мына белгі ғана сол кездегі белсенділікті еске салып тұр.
![Абай тойында Қарауылда балуандар жарысы да өтті.](https://gdb.rferl.org/87ad2b11-bdb5-4943-97fe-6ea79dbcbe24_w1024_q10_s.jpg)
14
Абай тойында Қарауылда балуандар жарысы да өтті.
![Қарауылдағы аудандық мәдениет үйінде өткен республикалық ақындар айтысы.](https://gdb.rferl.org/a8f89566-6865-4905-b792-7c9d58ba561f_w1024_q10_s.jpg)
15
Қарауылдағы аудандық мәдениет үйінде өткен республикалық ақындар айтысы.
![Ақындар айтысындағы қазылар алқасы (алдыңғы қатарда отыр). Ауыл тұрғындары мен қонақтардың айтысқа жұрт ықыласы қатты болып, залға сыймаған көрермендерге түрегеп тұруға тура келген.](https://gdb.rferl.org/0de4adde-d3b6-4b22-a5cb-a51f6f75850f_w1024_q10_s.jpg)
16
Ақындар айтысындағы қазылар алқасы (алдыңғы қатарда отыр). Ауыл тұрғындары мен қонақтардың айтысқа жұрт ықыласы қатты болып, залға сыймаған көрермендерге түрегеп тұруға тура келген.