Accessibility links

"Нұр Отан" съезі күнгі ұстаулар мен шақыртулар


"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына жиналған адамдар. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.
"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына жиналған адамдар. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.

Астанада "Нұр Отан" партиясы съезі басталған күні Қазақстанның түрлі қалаларында азаматтар мен белсенділер полицияға шақырту алып, полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Алматыда полиция "Нұр Отан" партиясы кеңсесі алдына келген азаматтарды ұстады.

Ақпанның 27-сі күні Астанада таңертеңгі сағат 11:00-де "Нұр Отан" партиясының съезі басталды. Дәл осы күні таңертеңнен бастап елдегі бірқатар азаматтар мен белсенділер полициядан шақырту қағазын алып, кейбірі полиция учаскелеріне жеткізілді.

Алматыда таңертеңгі сағат 11:00 шамасында полиция "Нұр Отан" партиясы кеңсесінің алдына келген азаматтарды ұстады. "Азаматтарды не үшін ұстап жатсыздар?" деген Азаттық тілшісінің сұрағына полиция өкілдері жауап бермеді.

Тікелей эфирді мына сілтеме арқылы көріңіз.

Оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратқан Азаттық тілшілерінің айтуынша, азаматтардың көбі биліктің ауысуын талап еткен. Кейбір азаматтар әлеуметтік жағдайының қиындығын айтып, биліктен көмек сұраған.

Таңертең алматылық белсенділер Сүйіндік Алдабергенов, Асхат Берсалимов​ өздерін полиция қызметкерлерінің ұстап әкеткенін жазып, тікелей эфирде хабар таратты.

Алматы тұрғыны Оралбай Бегалиев таңертең үйіне келген полиция өкілдерінің ұсынған шақырту қағазын алмай, оқиға туралы видеоны әлеуметтік желіге салған.

Мұндай хабарламаларды тек Алматы ғана емес, өзге өңір тұрғындары да жазып жатты.

​Жарқынбек Сейтінбет есімді Шымкент тұрғыны таңертең өзін бөлімшеге апара жатқанын жазды.

Ақпанның 26-сы күні де Қазақстанның бірнеше қаласында белсенділер мен азаматтар полициядан шақырту мен ескерту алған.

Азаматтарды ұстаған полиция қызметкерлері олардың кейбіріне белгілі бір "қылмыстық іске байланысты" шақыртылып отырғанын айтса, кейбіріне "митингке шығасыз ба?", "ҚДТ-ны қодайсыз ба?" деген сияқты сұрақтар қойған.

(Жалғасы бар)


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG