Accessibility links

"Көне дәстүрді сақтаушылар"

Маусымның 23-і күні Алматыда "Ұлы дала – көшпенділер әлемі" халықаралық этно-мәдени фестивалі ашылды. Ол екі күнге жалғасады. Ұйымдастырушылар "көне дәстүрді сақтаушылар" фестивалі деп атаған шара екі мыңнан астам уақыт бұрын жерленген сақ бекзадаларының қорымында өтіп жатыр. Қазір "Боралдай сақ қорғаны" деп аталатын бұл жер тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне алынған.

Фестиваль бағдарламасында бәйге, садақ ату, балуандар күресі, теңге ілу тәрізді ұлттық ойын түрлері, қолөнершілер жәрмеңкесі, этникалық музыка концерті бар. Азаттық тілшісі фестивальдің алғашқы күні оның барысымен танысып қайтты.

Тағы

XS
SM
MD
LG