Accessibility links

Астроклиматы қолайлы Асы обсерваториясы

Құрлысы совет кезінде басталған Асы-Түрген обсерваториясы Қазақстандағы астроклиматы қолайлы бірден-бір кешен. Обсерватория Түрген шатқалы мен Асы жайлауының түйіскен жерінде, теңіз деңгейінен 2750 метрлік биіктіктегі булану және ластану көріністері жоқ тау жотасында орналасқан.
Мұнда аспан денелерін бақылау жұмыстары 1981 жылы германиялық 1 метрлік "Карл Цейс" телескобы арқылы жүргізіле бастады. Одан кейін ресейлік 1,5 метрлік АЗТ-20 рефлекторын орнату жоспары бірнеше мәрте тоқтап қалды. Бұл телескопты орнату биыл ғана мүмкін болып, обсерватория таяуда осы құралды сынақтан өткізді.
Обсерватория орналасқан тұстан шығысқа қарай Асы жайлауы басталады. Жолдың нашарлығына қарамастан Алматыдан 80 километрдей қашықтықтағы бұл жайлауды көруге қала тұрғындары мен шетел туристері жиі келеді. Жайлаудың саф ауасымен тыныстап, сай-сайға шатыр тігіп қона жататындары да бар. Олардың көбі Асы-Түрген обсерваториясын әзірге сырттан ғана тамашалап жүр. Обсерваторияға кіру үшін қазір қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарайтын В. Фесенков атындағы астрофизика институтынан рұқсат алу керек болады. Алматы облысы. 6 тамыз, 2017 жыл.

16x9 Image

Қуанышбек ҚАРИ

Алматы бюросының бас редакторы. Азаттық радиосында 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бакалавр дәрежесімен, Тегеран университеті парсы әдебиеті факультетін магистр дәрежесімен тәмамдаған.

Иран телерадиобірлестігі әлемдік қызметінде тілші, кейін қазақстандық бірнеше БАҚ-тың Ирандағы тілшісі қызметтерін атқарған. Қазақстандық ақпарат агенттіктерінде, газет-журналдарда тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың бірінші орынбасары болған.

Пікірлерді көріңіз (1)

XS
SM
MD
LG