Accessibility links

"Ұлы Дала рухы" фестивалі қалай өтті?

Қыркүйектің 12-і мен 16-сы аралығында Астанада ұлттық спорт түрлерінен "Ұлы Дала рухы" республикалық фестивалінің финалдық кезеңі өтті.

Жарыстың алғашқы кезеңінде Қазақстанның төрт аймағында іріктеу ойындары өткен болатын. Шілденің 4-і күні басталған аймақтық жарыстарда әр облыстан бір-бір командадан қатысқан. Финалдық кезең Астанада өтті. Онда аймақтық жарыстарда озып шыққан төрт команда өзара бәсекеге түсті. Ұлттық спорт түрлерінен республикалық жарысқа барлығы бес мыңнан астам спортшы, ал финалдық ойындарға – 250 адам қатысты. Азаттық финалдық ойындар кезінде түсірілген суреттерден фотогалерея ұсынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG