Accessibility links

Астанадағы көп балалы аналар наразылығы

Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті. Бұған дейін жергілікті билік осы жерде азаматтардың шағымдарын қабылдайтынын айтып, "Ашық есік күнін" өткізетінін хабарлаған еді. Наразы топ биліктен жәрдемақы мен жөргекпұлды өсіруді, көп балалы отбасыларға жеңілдіктер қарастыруды, баспана алуды жеңілдетуді және өзге де әлеуметтік мәселелерді айтты. "Әкім келсін" деп айғайлаған наразы топтың ашуы үдей бастаған соң, түске таман көп балалы аналармен кездесуге қала әкімі Бақыт Сұлтанов келді. Жұрт алдында сөйлеген әкім биліктің көп балалы аналардың мәселелерін қарастырып жатқанын айтқан. Азаттық жиыннан түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.

Тағы

XS
SM
MD
LG