Accessibility links

Австриялық жол

Шығыс Қазақстан облысындағы «Австриялық жол» деп аталатын ескі жол - Күршім ауданындағы Теректі ауылынан басталып, Мәрмәр асуынан өтіп, Марқакөлдің маңындағы Ұраңқай ауылын басып, Қарақаба өзенінің аңғарымен өте келе Бұрқат асуынан аттап, Катонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылына барып тірелетін жолдың 50 километрдей бөлігі. Бұл жолды бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түскен 300-дей австровенгриялық тұтқын 1914-1916 жылдары салған деп сипаттайды.

XS
SM
MD
LG