Accessibility links

Азаттық тілшілеріне бөгет болған кім?


Азаттық тілшілеріне бөгет болған кім?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:44 0:00

Мамырдың 1-і күні Нұр-Сұлтанда белгісіз адамдар Азаттық тілшілерінің жұмысына бөгет жасады. Түске дейін Азаттық тілшісі Сәния Тойкен жай киім киген екі адамның наразылар жиналады деп алдын ала хабарланған жерге беттеген кей азаматтарды ұстап жатқанын түсіріп тұрған сәтте әлдебіреулер оның қолын қайырып, смартфонын тартып алды. Сәния смартфонды қайтарып беруді талап еткен соң әлгі адамдар оған затын қайтарды. Азаттық операторы Ержан Әмірхановтың көлігінің терезесін әлдекімдер шағып кетті. Қазақстан халқының бірлігі күні Нұр-Сұлтанда елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан жиынды түсіруге барған Азаттық операторы Тимур Айтмұханбетовтің тұрақта тұрған мәшинесінің алдына әлдекімдер автокөлік қойып, жолын жауып тастады.

XS
SM
MD
LG