Accessibility links

Ереуіл жайлаған Қазақстан


"KMG-Security" күзетшілерінің наразылығы. Жаңаөзен, 15 шілде 2021 жыл.

2011 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында полиция ереуілде тұрған мұнайшыларға оқ атып, 16 адам қаза тапқан еді. Содан бері ереуілдер Қазақстан билігінің бас ауруына айналды. Жаңаөзен оқиғасының 10 жылдығы жақындаған тұста ереуілдердің жанданғаны билік уайымын тереңдете түскендей.

Осы жазда Қазақстанда бірнеше ереуіл болды. Ал желтоқсанда Жаңаөзен оқиғасына 10 жыл толады. Қазақстан билігі ереуілдер тізбегі үлкен толқуға ұласып кетер ме екен деп алаңдап отыр.

Жаздағы ереуілдердің көбі мұнайға бай Маңғыстау облысында болды. Ереуілдерге тек мұнайшылар ғана емес, басқа сала жұмысшылары да шықты. Олар жыл соңында 13-жалақы беруді, емге ақша төлеуді, ПТР тестіне қаржы бөлуді, қауіпті жерде жұмыс істейтіндерге сүт беруді талап етті. Ереуілге шыққандар шетелден келген жұмысшылардың қазақстандықтардан көбірек жалақы алатынын, менеджерлердің жұмысшылардан да көп табыс табатынын, кәсіподақтардың үнемі лауазымды тұлғалардың ықпалында болатынын да айтты.

ЖАҢАӨЗЕНДЕГІ ЕРЕУІЛДЕР

30 маусымда "ӨзенМұнайГаздың" мердігер мекемесі "КЕЗБИ" компаниясының 600-ден астам жұмысшысы ереуілге шықты. Мұнай ұңғымаларын жөндеумен және жаңартумен айналысатын компания Қазақстанда 1992 жылы ашылған. Қазір онда 1200 адам жұмыс істейді. Яғни, мекеме жұмысшыларының жартысы ереуілге шықты деген сөз.

2013 жылғы қарашада "КЕЗБИ" компаниясында жұмыс істейтін 28 адам өндіріс орнында уланып, олардың екеуі қаза тапқан еді.

"КЕЗБИ" компаниясының ереуілдеген жұмысшылары. Жаңаөзен, 1 шілде 2021 жыл. Оқырман жіберген сурет.
"КЕЗБИ" компаниясының ереуілдеген жұмысшылары. Жаңаөзен, 1 шілде 2021 жыл. Оқырман жіберген сурет.

21 маусымда жұмысшылар жалақыны екі есе өсіруді, демалыс күндері жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеуді, санитарлық тораппен қамтамасыз етуді сұрап, осы талаптар орындалмаған жағдайда жұмысты тоқтататынын мәлімдеген. Бір аптадан соң әкімшілік жұмысшылардың талабын ішінара орындап, жалақыны 50 пайызға өсірген. Жұмыс аяқталған соң бонус беріп, шипайжайға бару үшін 146 мың теңге (340 доллар) төлеген.

Маңғыстау облысының мұнайынан түскен ақша мемлекет қазынасын толтырып, Нұр-Сұлтан қаласын салуға, белгілі бір топтарды байытуға жұмсалған. Ал осы мұнайды өндіріп отырған Батыс Қазақстан облысының жағдайы мәз емес.

Маңғыстау облысы Қызылқұм шөлінде орналасқан. Мұнды жазда күн ыстық, қыста суық болады.

Маңғыстау облысы тіршілік ету шығыны ең жоғары өңірлер қатарына кіреді.

МҰНАЙШЫЛАРДЫҢ ЕРЕУІЛІ

Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттап, айлық шайлыққа жетпейтін болғанда, елде ереуілдер көбейетіні болжанған еді. Бірақ ереуілге шыққан компаниялардың соңынан басқалары да еретінін болжағандар аз болды.

21 шілдеде Жаңаөзендегі Оilfield equipment and services және "Ақтау мұнай сервис компаниясы" ЖШС жұмысшылары да жұмысты тоқтатып, жалақыны өсіруді, жұмыс орнында тамақтандыруды талап етті. Оilfield equipment and services мекемесі арнайы көліктерді жөндеумен және техникалық қамтамасыз етумен айналысса, "Ақтау мұнай сервис компаниясы" мұнай ұңғымаларын жөндеп, монтаждайды; мұнай-газ өнідірісіндегі электр-техникалық жабдықтарды жөндейді және қайта монтаждайды.

Бір аптадан соң Қаражанбас қаласында мұнай ұңғымаларын жөндейтін "Industrial Service Resources" компаниясының 174 қызметкері ереуілге шықты. Олар 13-жалақы төлеп, жалақыны екі есе өсіруді, кәсіподаққа қысым көрсетпеуді сұрады.

19 шілдеде "Өзенмұнайгаз" ұңғымаларына геофизикалық зерттеу жүргізетін "БатысГеофизСервис" компаниясының 30 шақты қызметкері ереуілге шықты. 150-дей қызметкердің үштен бірі жалақыны 50 пайызға өсіріп, ақылы еңбек демалысын 30 күнге дейін ұзартуды талап етті.

Жаңаөзен әкімдігіне жиналған "Батысгеофизсервис" жұмысшылары. 19 шілде 2021 жыл.
Жаңаөзен әкімдігіне жиналған "Батысгеофизсервис" жұмысшылары. 19 шілде 2021 жыл.

Сонымен қатар мұнай мекемелеріне тиесілі бірнеше көлік компаниясының жұмысшылары да ереуілге шықты.

15 шілдеде "Өзенмұнайгаз" бен "Өзенмұнайсервис" компанияларына қызмет көрсетететін "МұнайСпецСнабкомпани" мекемесінің 130-дай көлік жүргізушісі жұмысын тоқтатқан. Олар қолға алатын жалақы 110 мың теңгеден аспайтынын айтып, жалақыны 100 пайыз өсіруді талап еткен. Жұмысшылардың сөзінше, басшылық ереуілге шыққандарды жұмыстан шығарып, орнына басқа адам алуды тапсырған.

19 шілдеде "Өзенмұнайгаз" компаниясына тасымалдау қызметін көрсететін Kunan holding мекемесінің 200-ден астам жүргізушісі ереуіл бастады. 15 шілдеде басышылық жалақыны 20 пайызға өсіретінін айқан, бірақ жұмысшылар жалақыны екі есе өсіруді сұраған.

13 шілдеде "ҚазМұнайгаз" ұлттық компаниясының еншілес "KMG-Security" күзет агенттігі Жаңаөзен филиалының жүздеген жұмысшысы да ереуілге шықты. Жұмысшылар жаңадан келгендердің жалақысы 57-60 мың теңгеден (130-137 доллар), ал 20 жыл тәжірибесі барлардыкі 80 мың теңдеген (187 доллар) аспайтынын айтып, айлық жалақыны 150 мың теңгеге (351 доллар) дейін өсіруді талап еткен.

16 шілдеде Жаңаөзендегі ереуілшілерге "KMG-Security" компаниясының Маңғыстау облысы Бұзашы түбегіндегі Қаражанбасмұнай кен орынын күзететін тағы бір бөлімінің күзетшілері қосылып, жұмысын тоқтатты. Айлығы шайлығына жетпейтінін айтқан жұмысшылар жалақыны 150 мың теңгеге дейін өсіруді сұрады.

Жалақы өсіруді талап етіп, ереуілге шыққан KMG-Security жұмысшылары. Жаңаөзен, 16 шілде 2021 жыл.
Жалақы өсіруді талап етіп, ереуілге шыққан KMG-Security жұмысшылары. Жаңаөзен, 16 шілде 2021 жыл.

Жаңаөзенде "KMG EP-Catering" аутсорсинг фирмасының, Маңғыстау облысы Қаражанбас кенішінде мұнайшыларға тамақ әзірлеумен айналысатын Caspian food компаниясының жұмысшылары да ереуілге шығып, жұмысты тоқтатты. Қаражанбастағы жұмысшы әйелдер жалақыны 220 мың теңгеге (515 доллар) көтеруді талап етті.

СҮТ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН?

21 шілдеде "Өзенмұнайгаз" компаниясының мұнай-газ өндіру басқармасына еден жуып, вахтерлық қызмет көрсететін НБКС мекемесінің жұмысшылары 21 шілдеде жұмысты тоқтатты. Олар жұмыс берушіден жалақыны екі есе көбейтіп, зиянды жұмыс үшін қосымша ақы төлеуді, еңбек демалысына ақшаны көбейтуді, заңды мерекелерде сыйақы мен емге ақша төлеуді, түскі аспен және сүтпен қамтамасыз етіп, материалдық көмек көрсетуді талап етеді.

Қазақстан заңнамасына сәйкес жұмыс беруші улы химикаттармен, газбен және радиациямен жұмыс істейтіндерге күніне 1,5 литр сүт беруі керек.

Мұны алғаш рет 1918 жылы Владимир Ленин енгізіп, арнайы жарлық шығарған. Ол Путилов машина-металлургия зауыты (Кейін Киров зауыты деп аталды) жұмысшыларын сүтпен қамтамасыз етуді міндеттеген. Кейін сүт алатындар тізімі ұлғайып, оған мұнай секторы секілді қауіпті өндіріс жұмысшылары да кірген.

МҰНАЙ САЛАСЫНАН ТЫС ЕРЕУІЛДЕР

Қазақстанда жаз айларында мұнай өндірісі мен соған тиесілі компаниялардың ғана емес, басқа секторлардың жұмысшылары да ереуілге шықты.

15 шілдеде Жаңаөзенде 45 жедел жәрдем жүргізушісі жалақы өсіруді талап етіп, ереуілге шықты.

Жаңаөзенде қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ететін "Тазалық-С" компаниясының жұмысшылары да ереуілдеткен. Олар жалақыны екі есе көбейтіп, қолғап, сабын сияқты қажетті құрал-жабдықтармен және сүтпен қамтамасыз етуді талап еткен.

Ереуілдеп тұрған "Тазалық-С" мекемесінің жұмысшылары. Жаңөазен, 19 шілде 2021 жыл.
Ереуілдеп тұрған "Тазалық-С" мекемесінің жұмысшылары. Жаңөазен, 19 шілде 2021 жыл.

25 шілдеде "Өзенэнергосервис" жұмысшылары да жалқыны екі есе өсірмесе, жұмысқа шықпайтынын мәлімдеген. Қаланы жарықпен қамтамасыз ететін кәсіпорын жұмысшылары талаптары орындалмаған жағдайда жарықты сөндіретінін ескерткен. Бірақ аурухана, перзентханалар сияқты халық үшін маңызды нысандарға "тиіспейтінін" айтқан.

Ереуілдер тек Маңғыстау облысында ғана болған жоқ.

12 шілдеде Алматы метросын салып жатқан "Алматыметроқұрылыс" компаниясының құрылысшылары жұмысқа шықпай, жалқыны екі есе өсіруді, 13-жалақыны беруді, сүт таратуды талап етті.

19 тамызда Ақтөбеде бірнеше ай бойы жалақы алмағанын айтқан автобус жүргізушілері ереуілге шықты. Компания 21 тамызда жалақы төлеген сол жүргізушілер жұмысқа оралған.

Осы күнге дейінгі ереуілдердің ішінде жұмысшылардың талабы орындалғаны да, жауапсыз қалғаны да бар.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша 3 ереуіл әлі де жалғасып жатыр. Олардың ішінде "West Oil Software" компаниясының 500-ге жуық жұмысшысының ереуілі ұзаққа созылды.

The Diplomat басылымы жариялаған баяндамада Қазақстанда 2021 жылдың алғашқы алты айының өзінде 2018-2020 жылдардағыдан көп ереуіл өткен.

16 желтоқсанда полиция Жаңаөзендегі ереуілді оқ атып тоқтатанына 10 жыл болады. Бұл оқиға кезінде кемі 16 адам қаза тауып, біразы жараланған еді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда мұндай оқиға бұрын-соңды болмаған.

Жаңаөзен оқиғасынан кейін болар, компаниялар жұмысшылардың талаптарына құлақ түріп, сұрағанын ішінара болсын орындайтын болған.

КЕЗБИ жұмысшыларының ереуілі кезінде жұмысшылардың бірі Азаттық радиосына 4 шілдеде "Ақ жол" мен "Нұр-Отан" партиясының мәслихат депутаттары жұмысшылармен сөйлесуге келгенін айтты.

Депутаттардың бірі Мақсат Мақышев жұмысшыларға "Біз өздеріңіз сайлаған депутатпыз" дегенде жұмысшылар "Сендерді халық сайлаған жоқ, тағайындалған адамсыңдар" деп жауап берді.

Қазақстандағы ереуіл нәтижесінде жұмысшылар талабының ішінара болсын орындалуы ереуілдердің саны артатынын көрсетеді. Бірақ компаниялардың көбі бюджетті өздері бақыламайтынын, тендер нәтижесін немесе мемлекеттік бюджеттің бекітілгенін күтетінін айтады.

Осылайша мұнайлы өлке Маңғыстауда компаниялар мен жұмысшылар тағы да бір-біріне қарсы келген ұқсайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG