Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ЖАЛПЫ АРХИВ
Апта бейнелері: 19 - 23 тамыз
25 тамыз 2013 жыл, 07:48
Азаттық 19 - 23 тамыз аралығында Қазақстанда және әлем елдерінде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
1
19 тамызда Алматы облысының
Шеңгелді
ауылындағы жастар арасындағы қақтығыстан бір тұрғын қаза тауып, тағы бірі жараланды. Қақтығысқа шешен және қазақ ұлтының өкілдері қатысқан. Күдіктілер қашып кеткен. 20 тамызда кінәлілерді тауып беруді талап еткен ондаған тұрғын бірнеше үйдің терезелерін шағып, көліктерін қиратқан. Қазақстан ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасап, бұл оқиғаға "тұрмыстық қақтығыс" деген баға берді. 22 тамызда күдіктілердің
полицияға берілгені
хабарланды.
2
19 тамызда бірнеше үкіметтік емес ұйым өкілдері мен азаматтық белсенділер Алматыда екі түрлі
баспасөз мәслихатын
өткізді. Белсенділер халықаралық ұйымдарға үндеу жасап, «алаяқтық қылмыс жасағандарды» Қазақстанға қайтаруға ықпал етуін сұраса, екінші топ «Қазақстан сотына сенім жоқ» екенін айтып, Әблязовты қайтармауға шақырды. Суретте "Ұлағатты жанұя" қорының президенті Марианна Гурина. Алматы, 19 тамыз 2013 жыл.
3
20 тамызда азаматтық белсенділер
Ринат Кибраев пен Дмитрий Щелоков
Алматы әкімдігіне қуғындағы саясаткер Мұхтар Әблязовтың фотомакетін апарып, оны Жібек Жолы көшесінің бойына қоюға рұқсат сұрады. Олар бұл әрекеттерін "Тұрғындар "Әблязовқа" сұрақ қойып, өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік алуы керек" деп түсіндірді. Белсенділердің ойынша "Қазақстанның Әблязовты алдыру әрекеттерінен ешқандай нәтиже шықпайды".
4
20 тамызда «Махаббат» тұрғын үй кешенінің ондаған тұрғыны оларды пәтерлерінен шығару туралы сот шешіміне қарсы
наразылық акциясын
өткізді. Тұрғындардың айтуынша, кешендегі пәтерлерін олар 2009 жылы жалға алған. Алайда қожайын тұрғын үй кешенін басқа адамға сатып жіберіп, пәтерлерді босатуды талап еткен. Сот олардың пәтерлерді жалға алу туралы келісім-шарттарын жарамсыз деп тауып, үйді бостауға үкім шығарған. 40 шақты наразы тұрғын Астана прокуратурасына келіп, қабылдауды талап етті. Прокуратура өкілдері "бес-ақ адам кіреді" деген соң, олар ғимарат алдындағы жолды жапты. Бұдан соң олардың көбін полиция тұтқындады.
5
20 тамызда Балқаш қаласының соты жергілікті адвокат Зинаида Мухортованы психоневрологиялық диспансерде қалдыру туралы
үкім шығарды
. Судья Майра Ибрагимова прокуратураның Мухортованы диспансерге мәжбүрлі түрде жатқызу туралы арызын қанағаттандырды. Зинаида Мухортова диспансерге 9 тамызда мәжбүрлі түрде жатқызылды. Оны полиция мен дәрігерлер үйінен күшпен алып кеткен. Қорғаушылар "полиция Мухортоваға туыстары мен адвокатына хабарласуға да мүмкіндік бермеген" дейді. Мухортованың пікірінше, "бұл іс оның Қазақстан парламенті депутаты Ерлан Нығматуллинге қарсы арыз жазғаны үшін қозғалған". Құқық қорғаушы Human Rights Watch ұйымы Қазақстан билігін Зинаида Мухортованы қудалауды тоқтатып, оны босатуға
шақырды
.
6
20 тамызда Ақтөбе қаласында «Свобода слова», Assandi times газеттерінің және Guljan.org сайтының тілшісі Игорь Ларраға
шабуыл жасалды
. Журналист бұл қастандықты қызметімен байланыстырады. Ол мақалаларында "Ақтөбе облысы әкімдігінің жұмысын сынағанын" айтады. Алайда полиция "шабуылдың журналист қызметіне қатысы жоқ" деп мәлімдеді. Халықаралық құқық қорғаушы ұйым Human Rights Watch Қазақстан билігін журналиске жасалған шабуылды мұқият тексеруге, кінәлілерді жазалауға шақырды.
7
20 тамызда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде қарағандылық «Шахтер» футбол клубы шотландиялық Celtic командасын
2:0 есебімен ұтты
.
Жанкүйерлер
УЕФА рейтингіндегі орны әлдеқайда төмен «Шахтердің» әлемге танымал Celtic клубын ұтуын Еуропа футболындағы сенсацияға теңейді. Екі команда арасындағы қарымта матч 28 тамызда Глазго қаласында өтеді.
8
1947 жылы 21 тамызда СССР Министрлер Кеңесі Семей полигонын құру туралы шешім қабылдады. Онда 40 жыл бойы ядролық сынақтар жасалды. Полигон 22 жыл бұрын жабылғанымен, зардап шеккен азаматтардың тізімі әлі
жасалып біткен жоқ
. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі "аймақтардағы жұмыстың баяу жүріп жатқанын" айтады. Полигондағы адамдарға жасалған тәжірибенің куәгері - 80 жастағы
Елеуғазы Нұрғалиев
мемлекетке өкпелі. Ол "Шығыс Қазақстан облысында тұрған кезінде алып келген мардымсыз өтемақысынан (айына төрт мың теңге) Теміртауға көшіп келген соң айырылып қалғанын" айтады. Суретте: Елеуғазы Нұрғалиев. Теміртау, 12 тамыз 2013 жыл.
9
22 тамызда «АрселорМиттал Темиртау» компаниясының ондаған еңбек мүгедегі Қарағандыдағы көмір департаменті алдына
жиналды
. Олар өндірісте жүріп денсаулықтарынан айырылғаны үшін өтемақы төлеуді талап етеді. Еңбек мүгедектері тиесілі өтемақыларын 2012 жылғы тамыз айынан бері
ала алмай жүр
. Оған себеп - «Альянс Полис» сақтандыру компаниясы мен «АрселорМиттал Темиртау» арасындағы "өтемақыны кім төлейді?" деген дау. Жұмыс беруші "өтемақыны сақтандыру компаниясы төлеуі тиіс" десе, сақтандыру компаниясы "жұмыс беруші еңбек мүгедектері туралы жалған мәлімет берді, өтемақы алуы тиіс жұмысшылар саны компания көрсеткеннен көп болып шықты" дейді.
10
21 тамызда Сириядағы үкімет әскерінің
шабуылынан
жүздеген адам қаза тапты. Оппозиция Сирия үкіметін "химиялық қару қолданды" деп айыптады. Билік бұл мәлімдемені жоққа шығарды. Бұдан соң бірнеше елде химиялық қаруға қарсы
акциялар
өтті. БҰҰ Сирия үкіметін бұл оқиғаны арнайы тексеруге шақырды. Ал БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі комитеті "Сирияда қақтығыс басталған екі жыл ішінде елден екі миллион адамның босып кеткенін, оның бір миллионы балалар екенін" хабарлады. Одан бөлек, Сириядағы екі миллион бала үйінен айырылған.
12
22 тамызда Алматы соты «Правдивая газета» жұмысын үш айға тоқтату туралы сот үкімін
өзгертпеді
.
Судья Канат Молдашев (суретте) алдыңғы сот үкімін өзгертуге негіз жоқ екенін мәлімдеді. 7 тамыз күні Алматының әкімшілік соты газет жұмысын "басылымның таралымы туралы мәліметтер дұрыс көрсетілмеген" деп, үш айға
тоқтатқан
еді. Газеттің өкілі, құқық қорғаушы Розлана Таукина сот шешімімен келіспейді. Оның пікірінше, "үкімнің саяси астары бар".
13
22 тамызда Франция соты
Әблязовты кепілге босатпады
. Сот Украинаның экстрадициялау талабы бойынша ұсталған Әблязовты оның жеке басының қауіпсіздігі мақсатында қамауда қалдыра беруді жөн көрген. Қазақстан үкіметі Мұхтар Әблязовты алты миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, Ұлыбритания сотына жүгінген. 2009 жылы Ұлыбританияға өткен Әблязов өзіне қатысты қозғалған "істердің саяси астары бар" деп мәлімдеді. 2011 жылы Қазақстан Ұлыбританияға Әблязовты экстрадициялау туралы
өтініш түсірген
.
14
23 тамызда Лондон сотында «ұшақта отырған қызға қол тигізді» деп айыпталған Азамат Теңізбаевтың (суретте сол жақта) ісі қаралып, сот оны ақтап шықты. 18 жастағы спортшы Хитроу әуежауында 21 шілдеде тұтқындалды. Оны қасында отырған ағылшын қыз "қол жүгіртті" деп айыптаған еді. Шетелде жүрген
қазақстандықтарға қатысты сот істері
кейінгі жылдары көбейіп келеді. Оларға алаяқтыққа, ұрлыққа, есірткі және терроризмге қатысты айыптар тағылған.
Апта бейнелері: 19 - 23 тамыз
Back to top
XS
SM
MD
LG