Accessibility links

"Объективте: Қазақстандағы ашаршылық"

Қарағанды облысындағы Долинка кентінде орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайында алғаш рет "Объективте: Қазақстандағы ашаршылық" атты фотокөрме ашылды. Оған қойылған суреттерде өткен ғасырда қазақ жерінде болған ашаршылық кезіндегі адамдар бейнеленген. Мұражай қызметкерлері фотокөрмені ерекше шараға жатқызады. Мұнда қойылған деректі суреттерді павлодарлық фотограф әрі өлкетанушы Дмитрий Багаев түсірген.

Мұражай қызметкерлері осында келушілерге Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ашылған фотокөрмедегі деректі суреттерді міндетті түрде көріп шығуды ұсынады. Азаттық тілшісі Елена Вебер мұражайда болып, көрмеге қойылған тарихи суреттермен танысып қайтты.
Түгел оқыңыз

Тағы

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 22.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:18 0:00
XS
SM
MD
LG