Accessibility links

Теңіздің тамшысындай Кіші Арал

Соңғы жарты ғасырдан астам ұдайы құрғап келген Арал теңізінің солтүстік бөлігі біртіндеп қалпына келе бастады. Арал қаласынан 70 километрдей қашықтап кеткен теңіз қазір қалаға 20 километрге жуық жақындаған. Солтүстік жағасы - Қазақстанмен, оңтүстігі Өзбекстанмен шектесетін Арал теңізі өткен ғасырда өзінің бастапқы көлемінен төрте есеге дерлік тартылды. Бұдан 75 жыл бұрын Арал әлемдегі төртінші ірі тұзды көл болатын. Қазір Арал тартылып, судың 10 пайыздайы ғана қалған. Сарқылудың бір себебі – Арал теңізіне құятын өзен суының шектен тыс пайдаланылуы. Көлдің орнында сілтілі топырақ пен тұз аралас бетпақ дала қалды. ​Теңіздің тартылғаны жайлы ақпарат совет кезеңінің соңғы жылдары ғана пайда болды. 1990 жылдардан бастап Арал өңірі «экологиялық апат аймағы» болып жарияланды. 2005 жылы Көкарал бөгеті салынғаннан кейін Аралдың Қазақстан жағындағы шағын бөлігіне қайтадан су тола бастады. Бөгетте балықтардың кері қайту жолы қарастырылмағандықтан, қазір бөгетті көтеру қажеттігі туындаған. Арал теңізінің Қазақстан жақ бөлігі қазір "Кіші Арал" деп аталады. Алайда теңіздің құрғаған бөлігінен ауық-ауық тұзды дауыл көтеріліп, төңірекке тарап жатыр. Мәселен, биылғы көктемде теңіздің орнынан бораған шаң мен тұз Түркіменстанның солтүстігі мен шығысын, Өзбекстанның Бұхара, Хорезм, Науаи аймақтарын және Қарақалпақстан автономиялық республикасын басып қалды.​
Теңіз жағалауындағы Орталық Азия мемлекеттері Арал теңізін құтқаруда жұмыла әрекет етеміз деп уәде берумен келеді.
Азаттық тілшісі таяуда Қызылорда облысы Арал ауданына сапарлап, Кіші Аралдағы жағдаймен танысып қайтты.


16x9 Image

Асылхан МАМАШҰЛЫ

1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG