Accessibility links

Өтпей қалған митинг және күшіне енген "Жер заңы"


Астана әкімдігінің алдына келген наразылардың бірі. 21 мамыр 2018 жыл.
Астана әкімдігінің алдына келген наразылардың бірі. 21 мамыр 2018 жыл.

Мамырдың 21-і күні Астана мен Шымкентте күзет күшейтілді. Екі қаладағы бірнеше белсенді осы күні "Жер заңына" қатысты митинг өткізуге рұқсат сұраған. Бірақ билік белсенділерге рұқсат бермеген. Олардың айтуынша, билік "Жер заңында" халықтың талабын ескермеген.

АСТАНАДАҒЫ БІР АДАМДЫҚ ПИКЕТ

Мамырдың 21-і күні Астана әкімдігінің алдында күзет күшейтіліп, полиция көліктері, арнайы қызметтің шағын автобустары, жедел жәрдем көліктері тұрды. Осы сәтте әкімдік алдына "Жер сатылмасын" деген плакат ұстаған жас адам келді. Полиция "ол рұқсат етілмеген митинг, пикет ұйымдастырды" деп дереу ұстады. Кейін арнайы жасақ наразы адамды автобуспен алып кетті.

Сол маңға барған Азаттық тілшісі полицияның тағы екі адамды ұстағап, алып кеткенін көрген. Астана қалалық ішкі істер департаменті "митинг өткізу ережесін бұзғаны үшін" қанша адамның ұсталғанына қатысты Азаттық тілшісінің сұрағына жауап бермеді.

Жер заңына наразыларды полиция ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:50 0:00

Осыған дейін "Алаш жолы" ұйымы халықты мамырдың 21-і күні "Жер заңына" қарсы митингіге шығуға шақырған. Мамырдың 10-ы күні "Алаш жолы" мүшелері Астана әкімдігінен митинг өткізуге рұқсат сұраған. Бірақ қалалық әкімдік "белсенділер көрсеткен жерде митинг өткізуге болмайды" деп рұқсат бермеген. Белсенділер "парламент Жер туралы заңды қабылдағанда халықтың талабын ескермеді" деп санайды. Олар "жаңа заң жер сатуға мүмкіндік береді" деп қауіптенеді.

Астана әкімдігі маңындағы полиция көліктері. 21 мамыр 2018 жыл.
Астана әкімдігі маңындағы полиция көліктері. 21 мамыр 2018 жыл.

"Алаш жолы" әкімдікке рұқсат сұрап хат тапсырған соң жауабын алып үлгерместен полиция ұйымның екі мүшесі Мақсат Ілиясұлы мен Раушан Қалмомынұлын бес күнге, Қайырлы Омарды жеті күнге қамаған. Астана қалалық соты белсенділерді "митинг өткізу заңын бұзды" деп айыптаған. Полиция бірнеше белсендіні шақырып, оларға ескерту жасаған.

Мамырдың 21-і күні Астана алаңында негізінен полиция мен күштік құрылым өкілдері жүрді. Полиция алаңға қызмет бабымен барған Азаттық тілшілерінің видео түсіруіне кедергі келтіріп, журналистердің атын-жөнін жазып алған.

ШЫМКЕНТТЕГІ КҮЗЕТ

Мамырдың 21-і күні Шымкентте де күзет күшейтілді. Қалалық әкімдіктің алды қоршалып, полиция күзетіп тұрды. Бұл күні әкімдік алдына бірнеше адам келді. Солардың бірі Абдырахман Қасымбеков: "Жер сатылмасын, ешкімге берілмесін деп айту үшін келдім. Ата заңымызда сөз еркіндігі, бейбіт митингке рұқсат берген. Айтатынымды айтуым керек, өкімет соны тыңдау керек" деді.

Жер митингісіне келген азаматтар. Шымкент, 21 мамыр 2018 жыл.
Жер митингісіне келген азаматтар. Шымкент, 21 мамыр 2018 жыл.

Полиция алаңға келгендерге ескерту жасап, таратып жіберді. Бұған дейін Шымкент қаласы әкімдік белсенділерге митингі өткізуге рұқсат бермеген.

Мамырдың 21-і күні Алматыда белсенділер Құрал Медеуов пен Сүйіндік Алдабергеновті полиция шақырқан. Олардың айтуынша, полиция оларға жер митингті, "Қазақстан демократиялық таңдауы" қозғалысы (Қазақстанда сот шешімімен "экстремистік" ұйым деп танылған) туралы сұраған. Кейін полиция екі белсендіні босатқан.

ЗАҢҒА АЙНАЛҒАН ЖОБА

Белсенділер қарсы шықпақ болған "Жер туралы заң" жобасына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойып, қабылданып кеткен. Бірақ Қазақстан президентінің ресми сайтында заң қабылданған туралы хабарлама шықпаған. Ақорда сайты бұрын президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған заңдар мен бұйрықтарды "нормативті-құқықтық актілер" бөліміне жариялап отыратын. Бірақ "Жер туралы заңға" президенттің қол қойғаны туралы ақпарат сайтта жоқ. Сенат заң жобасын сәуірдің 19-ы күні қабылдап, президентке жіберген еді.

Оқи отырыңыз: Жерге қатысты заңда толқу талабы орындалды ма?

Мемлекеттік "Казахстанская правда" газеті мамырдың 10-ы күні "Жер туралы заң" мәтінін жариялаған. Газетте "заңға Назарбаев мамырдың 4-і күні қол қойған" деп көрсетілген. Басылымда "заң президент қол қойған соң он күннен кейін күшіне енеді" деп жазылған.

"Казахстанская правда" газетінің 10 мамыр күні жарияланған жер қатынастарын реттеу туралы заңға толықтырулар енгізу жайлы жаңа заңның мәтіні.
"Казахстанская правда" газетінің 10 мамыр күні жарияланған жер қатынастарын реттеу туралы заңға толықтырулар енгізу жайлы жаңа заңның мәтіні.

2016 жылы мамырдың 21-і күні Қазақстанда "Жер туралы заңға" қарсы жаппай митинг өткен. Халық "жер шетелдіктерге 25 жылға жалға беріледі" деген өзгеріске қарсы шыққан. Наразылықтан кейін Қазақстан президенті Назарбаев заң жобасына мораторий жариялаған. Кейін Жер туралы заңға қатысты мемлекеттік комиссия құрылып, жаңа заңды талқылауға салған. Комиссия жұмысынан кейін заң парламент қарауына түскен. Талқылауда болған кей белсенділер заңда митингі кезіндегі талаптар толық орындалмағанын айтқан.

Полиция алаңға беттеген адамдарды ұстады. 21.05.2016

Полиция алаңға беттеген адамдарды ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:12 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG