Демалыс күндері Алматы "Қызғалдақ фестивалі" өтті. Шарада "Президент Назарбаев" деп аталатын қызғалдақтың жаңа сорты таныстырылды. Reuters фотолары.
"Президент Назарбаев" қызғалдағы
1
Фестивальге қатысушылардың бірі "Президент Назарбаев" қызғалдақтарының жанында тұр. Бұл қызғалдақтар Алматыдағы Орталық демалыс паркіне отырғызылған.
2
"Президент Назарбаев" қызғалдағының тұқымдарын Голландиядан әкелген. Голландиялық селекционерлер қызғалдақтың жаңа сортын Нұрсұлтан Назарбаевтың Амстердамға сапары кезінде таныстырған.
3
"Президент Назарбаев" қызғалдақтарының жанында ойнап жүрген бала.
4
Алматыдағы "Жас натуралистер станциясының" директоры Зейнеп Арышеваның айтуынша, "Президент Назарбаевтың" бойы биік, суыққа төзімді, сабағы мығым.
5
Қызғалдақты отырғызған "Грин лэнд" компаниясының айтуынша, "Президент Назарбаев" қызғалдағы әзірге жеке гүл сататын жерлерде жоқ. Тек Алматының парктерінен ғана көруге болады".
6
"Президент Назарбаев" жанында суретке түсушілер көп.
7
"Президент Назарбаев" қызғалдағын күтумен жеке компания айналысады.
8
Алматыдағы "Қызғалдақ фестивалі".