Accessibility links

"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына келген адамдарды полиция ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.
"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына келген адамдарды полиция ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.

"Назарбаев кетсін!" деп айғайлағандарды ұстап әкетті

Астанада "Нұр Отан" партиясы съезі басталған күні Қазақстанның түрлі қалаларында азаматтар мен белсенділерді полиция бөлімшелеріне жеткізді. Алматыда полиция билік партиясы кеңсесі алдына талап айтып келген азаматтарды ұстады.

12:58 27.2.2019

Алматы мен Астанадан Азаттықтың тікелей трансляциясы:

12:57 27.2.2019

Астанадағы "Нұр Отан" партиясы орталық кеңсесінің жанында бірнеше адамды полиция ұстады. Билік өкілдері оларды не себепті ұстағаны туралы түсініктеме бермеді.

Полиция "Нұр Отан" ғимараты маңында ұстаған адам. Астана, 27 ақпан 2019 жыл.
Полиция "Нұр Отан" ғимараты маңында ұстаған адам. Астана, 27 ақпан 2019 жыл.

12:50 27.2.2019

Астанада басталған "Нұр Отан" партиясының съезінде сөйлеген сөзінде президент Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет қызметкерлерінің еңбекақысы көбейтілетінін мәлімдеді. Оның сөзінше, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауылшаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін азаматтардың жалақысы өсірілмек. Билік бұл мақсатқа 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 980 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының съезінде сөйлеп отыр. Астана, 27 ақпан 2019 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының съезінде сөйлеп отыр. Астана, 27 ақпан 2019 жыл.

12:44 27.2.2019

Алматыда билік партиясы кеңсесінің алдына жиналғандардың кейбірі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуін талап етіп айғайлағанна кейін полиция жиынды күштеп таратуға кірісті.

Полиция ұстаған адамдарды көлікке салып жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.
Полиция ұстаған адамдарды көлікке салып жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG