Accessibility links

Мүгедек баласы бар ата-аналардың билікке қойған үш талабы


Мүгедек баласы бар ата-аналардың билікке қойған үш талабы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:47 0:00

Нұр-Сұлтанда мүгедек баласы бар жүзге жуық тұрғын үкіметтен арендалық баспананы сатып алуға рұқсат беруді, мүгедек бала бағып отырған ана-ананың бірін елу жастан зейнетке шығаруды және жәрдемақыны көбейтуді талап етті. Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және сенат спикері Дариға Назарбаеваның, мәжіліс депутаттарымен кездесуді қалайтынын айтты. Заң бойынша, мүгедек баласы бар отбасыларға арзан бағаға берілген арендалық баспананы өз атына аудара алмайды. Наразылармен кездескен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев үкімет бұған дейін мүгедек баласы бар азаматтардан түскен өтініштер бойынша парламентке ұсыныс енгізгенін айтты. Қазақстанда 680 мыңнан астам мүгедек бар, оның 12 пайызы - бала.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG