Қарағанды облысында әдеттегіден өзгеше мұражай ашылды. Жер бетінен 15 метр тереңдіктегі оқу шахтасы әрі мұражайға келген туристер тау-кен комбайнын басқарып, шахтердің ауыр еңбегі қалай атқарылатынын сезінеді. Мұражайға келушілер аймақтағы көмір өнеркәсібінің даму тарихымен де танысады.
Жер астындағы мұражай

1
Шахта-мұражай ғимараты Қарағанды индустриалдық колледжі студенттері үшін оқу шахтасы ретінде пайдаланылады, мұнда келетін қазақстандық және шетелдік туристерге ол "тірі экспозиция" іспеттес.

2
Ерекше мұражай Қарағанды тау-кен – индустриалдық колледжі базасында ашылған. Оқу орны директоры Геннадий Ивченконың сөзінше, алғашқы екі аптада жер астындағы музеймен танысуға 250-ге жуық адам келген.

3
Шахтаны көргісі келетіндер әуелі шағын ережемен танысады. Оларға қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі ескертіледі. Туристің қалауы бойынша, гид тау-кен қопарғыш комбайынның қалай жұмыс істейтінін көрсетеді, тіпті, туристке оны басқарып көруіне де рұқсат етуі мүмкін.

4
Шахтаның іші тас қараңғы. Онда тіпті шахтер қол шамының жарығы да әлсіздеу сезіледі. Жерасты тоннелімен аяғыңыздың астына, жан-жағыңызға және жоғарыға абайлап қарап жүрген ләзім.

5

6
Шахтадағы желдеткіш жүйесінің дыбысы өте қатты болғандықтан ол жердегі дауыс дұрыс естілмейді.

7
Шахтадағы кенжар қабырғасы, оның төменгі жағында көмір шашылып жатыр.

8
Шахтадағы метан газының мөлшерін анықтайтын аспап.

9
- Шахтадағы метан мен көмірқышқыл газын өлшеуге арналған аспаптар бар. Бірақ алдын ала болжау қиын түрлі тау-кен – геологиялық табиғи жағдайлар да болып тұрады. Газдың аты газ, сыртқа өтіп кетуі мүмкін. Оның үстіне үнемі адам факторы да бар. Кенші жұмысы - өте қауіпті еңбек, - дейді байырғы шахтер Владимир Лендо.

10
Шахтадағы телефон.

11
Мұражайда Қарағанды көмір бассейнінде өндірілетін көмір түрлері қойылған.

12
Шахтада көмір қазуға арналған "Қарағанды 7-15" комбайнының кішірейтілген жұмысшы макеті.

13
Мұражайға қойылған осындай макеттер арқылы Қарағанды облысындағы көмір өнеркәсібінің даму тарихымен танысуға болады.

14
Мұражайға кейін көпшілікке танымал болған Қарағанды тау-кен - индустриалдық колледжі түлектерінің суреттері ілінген.

15
Шахтада 30 жылға жуық еңбек еткен Владимир Лендо қаһарман мамандық иелері шахтерлердің жұмысы өте қауіпті екенін айтады.

16
Көмір өнеркәсібінің мұражайы Қарағандының өнеркәсіптік ауданы – Майқұдықтың көрнекі орнына айналды. Майқұдыққа келген туристер мұнда сақталған көптеген ескі ғимараттармен танысып, қаланың тарихы туралы мағлұмат алады. Майқұдықта барак типтес үйлер әлі де кездеседі.