Accessibility links

Сайлау қалай өтті?


Сайлау қалай өтті?
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:53:05 0:00

Сайлау қалай өтті?

Президент сайлауы өткен соң сайлауда бақылаушы болған бір топ қоғамдық белсенді Respublica атты саяси қозғалыс құратындарын мәлімдеді. AzattyqLIVE хабарында сол ұйымның мүшесі Бэлла Орынбетовамен сайлаудың нәтижесін талқыланды.

12 маусымда Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Ол 9 маусымда өткен президент сайлауынша 70,96 пайыз дауыспен жеңіске жеткен.

Тоқаевты ұлықтау рәсімі елде билікке қарсы азаматтардың наразылығы күшейген тұста болды.

Қазақстан азаматтары президент сайлауына дауыс берген 9 маусымда және сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланған келесі күні Алматы мен Нұр-Сұлтанда, ресми мәлімет бойынша, 700-ге жуық адам ұсталған. Құқық қорғаушылар билік ұсталғандар санын "тым азайтып көрсетті", ұсталғандардың әкімшілік жауапқа тартылғаны және қай жерде қамауда отырғаны туралы туыстарына хабарламады деп мәлімдеді.

Ал сайлауда бақылаушы болған тәуелсіз ұйымдар мен белсенділер заң көп бұзылғанын мәлімдеді. Президент сайлауы өткен соң сайлауда бақылаушы болған бір топ қоғамдық белсенді Respublica атты саяси қозғалыс құратындарын мәлімдеді. Сол ұйымның мүшесі Бэлла Орынбетова - AzattyqLIVE хабарының сарапшысы.

AzattyqLIVE хабарының жүргізушісі Қасым Аманжол Бэлла Орынбетовамен сайлауға дейінгі және кейінгі оқиғаларды, Қазақстандағы саяси белсенділік пен қоғамдағы соңғы ахуалды талқылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG