Accessibility links

Жақсыбековтің саяси мансабы аяқталды ма?

Әділбек Жақсыбеков (сол жақта) Астана әкімі қызметінен президент әкімшілігіне ауысатын кезде. Көрнекі сурет
Әділбек Жақсыбеков (сол жақта) Астана әкімі қызметінен президент әкімшілігіне ауысатын кезде. Көрнекі сурет

Президент әкімшілігін басқарған Әділбек Жақсыбеков "зейнет жасына толуына байланысты" қызметінен кетті. Жақсыбеков зейнет жасы 63-ке былтыр толған болатын. Сол кезде президент Нұрсұлтан Назарбаев Жақсыбековтің өкілетін 2022 жылғы шілденің 26-сына дейін созып, тағы бес жыл мемлекеттік қызметте қалуына мүмкіндік берген еді. Неліктен 13 айдан соң президент әкімшілігінің жетекшісі "құрметті демалысқа" шығып жатыр?

Қостанай облысының тумасы Әділбек Жақсыбеков Қазақстан билігінде түрлі жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Ол шенеуніктердің "ескі гвардиясына" кіреді. ВГИК (Бүкілресейлік кинематография институты) түлегі, экономика ғылымдарының кандидаты, "Цесна" корпорациясының негізін қалаушы және ортақ иесінің бірі Әділбек Жақсыбеков президент маңында 20 жылдан астам қызмет етті.

Оның жоғары лауазымдағы бір қызметті екі рет атқарған кездері болды. Нақтылай айтқанда екі рет Астана әкімі (1997-2003 және 2014-2016 ж.) болған Жақсыбеков екі рет, арасында сегіз жылдық үзіліс салып президент әкімшілігін басқарды. Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) да екі рет президент болды. Ол екінші рет федерация басшылығына келер алдында ел президентінің жиені Айсұлтан Назарбаевтың сынына ұшырады. Айсұлтан Назарбаев сол кезде Жақсыбековтің "адамдарын" ығыстырғысы келгендіктен болар, ҚФФ басшылығына кіру туралы ниетін ашық айтып жүрді. Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан 2016 жылдың қарашасында Facebook әлеуметтік желісінде пост жазып, "атасының қасындағы адамдарға көңілі толмайтынын", ол адамдардың "елді тұтастай бақылауға алғысы келетінін" айтқан еді.

Айсұлтан Назарбаев (кейін жарты жылға жуық федерацияның вице-президенті міндетін атқарушы болды) атап өткен Жақсыбеков пен өзге лауазымды тұлғалар бұл жағдайға көпшілік алдында жауап бермеді. Жалпы Жақсыбеков түрлі лауазымды қызметтер атқарғанына қарамастан, көпшілік алдында өте сирек сөйлейді. Ол сауда және индустрия министрі, мемлекеттік хатшы, Қазақстанның Ресейдегі елшісі және президентшіл "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды.

1995 жылдан бастап Жақсыбеков билік дәлізінен қысқа мерзімге болса да еш алшақтаған емес. Оған басқаруға берілген бизнес-активтер өсіп жатты. Бұған қоса Жақсыбековтің сценарийі бойынша 2009 жылы "Прыжок Афалины" атты фильм түсірілді, оны "алғашқы қазақстандық саяси триллер" деп атағандар болды. 2014 жылы "Заговор оберона" фильмі шықты. Былтыр Астанада Жақсыбековтің әкесінің құрметіне мешіт салынған мешіт ашылды. 2017 жылдың жазында Жақсыбековтің өкілеті президент бұйрығымен 2022 жылғы шілденің 26-сына дейін ұзартылды.

КЕТЕР АЛДЫНДАҒЫ ЖАҒДАЯТ

Жақсыбеков кетерінің алдында өзі бақылайтын "Цеснабанк" корпорациясы (активтер мөлшері бойынша елдегі екінші коммерциялық банк) "өтемпаздықтың қосымша қорын қамтамасыз ету үшін" Ұлттық банктен 150 миллиард теңге (400 миллион доллардан астам) қарыз (заем) алды деген ақпарат тарады. Бұған дейін Ұлттық банк сәуір айында қызметін президент сынаған "Астана банкіне" қарыз беруден бас тартқан еді. Сол кезде Назарбаев банк секторын мемлекеттік қаржы есебінен сауықтыруды тоқтататынын айтып, банкирлерге бұдан соң мемлекеттен көмек сұрамау туралы кеңес берген. Айта кетерлігі, 2017 жылы "Цеснабанк" қаржы секторын сауықтыру бағдарламасына қатысып, 100 миллиард теңге жеңілдікпен қаражат алды.

"Цеснабанктің" проблемалары туралы биыл тамызда айтыла бастады. Американың Fitch агенттігі жариялаған есеп бойынша, қаржылық институттың өтемпаздық активтері екінші тоқсанда 30,3 пайызға азайған. Reuters ақпарат агенттігінің дерегі бойынша, бірнеше мемлекеттік компания "Цеснабанк" депозитінен қаржысын шешіп алған, бірақ банктің өзі ішкі пайыздық мөлшерлеме азайғандықтан "қымбат өтемпаздықтан" арылып жатқанын мәлімдеді.

Қыркүйекте "Цеснабанк" Ұлттық банктен несие алғанын растай отырып оның 100 миллиард теңгесін қайтарғанын хабарлады.

ЖАҚЫН АДАМДАРЫ АЗАЙДЫ МА?

Азаттық тілшісі сөйлескен сарапшылар Жақсыбековтің отставкасын "Цеснабанктің" қиындығынан көрмейді. Жақсыбеков президент әкімшілігі қызметінен кеткен соң бұрынғы ықпалды "сұр кардинал", ал қазір саясаттан кеткен Аслан Мусиннің жолын қайталай ма? Мусинді де былтыр аяқ астынан зейнетке шығарып жіберген еді.

Бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Алматы филиалының бұрынғы жетекшісі Әмірбек Төгісов олай деп ойламайды. Оның айтуынша, Жақсыбеков Мусиннің тағдырын қайталамайды, себебі Жақсыбеков Мусинге қарағанда президенттің қасында ұзақ уақыт жұмыс істеді, сондықтан "өте көп біледі".

Әділбек Жақсыбековтің қорғаныс министрі болған кезі
Әділбек Жақсыбековтің қорғаныс министрі болған кезі

Болжам жасау қиын. Бұрынғы министр орынбасарының айтуынша, қазіргі саяси жүйеде шешімді бір адам ғана қабылдайды. Төгісов қазіргі жүйені монархиялық билік режиміне ұқсатады.

- Абсолюттік монархия кезінде монарх кімге жұмыс беру керек, кімді мүлкінен айыру керек, т.б. өзі шешеді, - дейді ол.

Экономист Петр Своиктің ойынша, Жақсыбековтің отставкаға кетуіне тенге құнсызданған сайын байқалатын "ішіп-жем қорының" азаюы себеп болуы мүмкін. Екіншіден, Назарбаев өз маңындағылар арасында тепе-теңдік орнатқысы келіп, Жақсыбековтің соған сай болмай қалуы ықтимал.

Своиктің айтуынша, Жақсыбековтың саяси әрі қаржылық болашағы Қазақстандағы конъюнктура арқылы анықталады, ол Ресейдегі саяси әрі қаржылық дағдарысқа толық тәуелді. Экономистің ойынша, Қазақстандағы кадрлерді алмастыру саясаты бос далбаса, оның маңызы аз болғандықтан Своик ол туралы пікір айтқысы келмейді.

Бұрынғы сенат депутаты және Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының жетекшісі Зәуреш Батталова Әділбек Жақсыбековті тәуелсіз саясаткер санамайтынын айтты. Оны "топ-менеджер деуге болады" дейді ол.

Жақсыбековтің әкесінің атындағы "Алланың гүлі" мешіті

Ақшанқан мешіт ғимараты ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен безендіріліп, постмодернистік стильде салынған. Негізгі ғимарат үшбұрышты көлбеу қабырғалар мен күмбезден тұратын күрделі пішінде тұрғызылған. Сәулетші Сағындық Жанболатовтың сөзінше, осыған ұқсас мешіттер Малайзияда, Германияда, араб елдерінде бар. Жобаға тапсырысты "Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы" республикалық мұсылмандар діни бірлестігі берген. Ғимарат жеке азаматтардың қаржысы есебінен салынған. Құрылысшылар жобаға қанша ақша жұмсалғанын айтпады.
1/15 Ақшанқан мешіт ғимараты ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен безендіріліп, постмодернистік стильде салынған. Негізгі ғимарат үшбұрышты көлбеу қабырғалар мен күмбезден тұратын күрделі пішінде тұрғызылған. Сәулетші Сағындық Жанболатовтың сөзінше, осыған ұқсас мешіттер Малайзияда, Германияда, араб елдерінде бар. Жобаға тапсырысты "Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы" республикалық мұсылмандар діни бірлестігі берген. Ғимарат жеке азаматтардың қаржысы есебінен салынған. Құрылысшылар жобаға қанша ақша жұмсалғанын айтпады.
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Астанада күннен қуат алатын қондырғылары бар жаңа мешіт ашылды.
Көлемі 3695 шаршы метр болатын мешіт жайғасқан жер учаскесінің аумағы – 1,44 гектарды құрайды. Күмбездің диаметрі 20 метр, ғимараттың диаметрі - 53 метр, биіктігі – 26 метр. Жаңа мешіт Астананың Сарыарқа ауданындағы С-409 көшесінде орналасқан.
2/15 Көлемі 3695 шаршы метр болатын мешіт жайғасқан жер учаскесінің аумағы – 1,44 гектарды құрайды. Күмбездің диаметрі 20 метр, ғимараттың диаметрі - 53 метр, биіктігі – 26 метр. Жаңа мешіт Астананың Сарыарқа ауданындағы С-409 көшесінде орналасқан.
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Астанада күннен қуат алатын қондырғылары бар жаңа мешіт ашылды.
Мешіттің солтүстік беткейіндегі биіктігі 43,5 метр мұнарасы Алланың сөзін Құранға жазып жеткізген "қасиетті қалам" пішінінде тұрғызылған. Мешіт басқарушысы Руслан Абдуллаевтың сөзінше, нысан құрылысына қазақстандық материалдар мен бұйымдар пайдаланылған.
3/15 Мешіттің солтүстік беткейіндегі биіктігі 43,5 метр мұнарасы Алланың сөзін Құранға жазып жеткізген "қасиетті қалам" пішінінде тұрғызылған. Мешіт басқарушысы Руслан Абдуллаевтың сөзінше, нысан құрылысына қазақстандық материалдар мен бұйымдар пайдаланылған.
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Астанада күннен қуат алатын қондырғылары бар жаңа мешіт ашылды.
Жаңа мешіт архитектуралық пішінімен ғана емес, сонымен бірге күннен қуат алатын қондырғылармен жабдықталғанымен де ерекшеленеді. Жоба авторларының айтуынша, ғимаратты жылытуға және жарықпен қамтамасыз етуге сол қондырғылар пайдаланылады.
4/15 Жаңа мешіт архитектуралық пішінімен ғана емес, сонымен бірге күннен қуат алатын қондырғылармен жабдықталғанымен де ерекшеленеді. Жоба авторларының айтуынша, ғимаратты жылытуға және жарықпен қамтамасыз етуге сол қондырғылар пайдаланылады.
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Астанада күннен қуат алатын қондырғылары бар жаңа мешіт ашылды.
Жаңа нысан еуропалық компаниялардың қондырғыларымен: тиімділігі жоғары қуат үнемдейтін желдеткіш жүйесі және күннен қуат алатын, көлемі 1295 шаршы метрді құрайтын панельдермен жабдықталған.
5/15 Жаңа нысан еуропалық компаниялардың қондырғыларымен: тиімділігі жоғары қуат үнемдейтін желдеткіш жүйесі және күннен қуат алатын, көлемі 1295 шаршы метрді құрайтын панельдермен жабдықталған.
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Астанада күннен қуат алатын қондырғылары бар жаңа мешіт ашылды.
Жаңа мешітті қуатпен қамтамасыз етуге пайдаланылатын балама энергия көздері, мешіт басқарушысының мәліметінше, қажетті мөлшерден үш есе артық қуат өндіре алады, ал өндірілетін электр қуатының көлемі нысан қажеттілігінен төрт есеге жуық көп, бұл артылған электр энергиясын сыртқы тұтынушыға сатуға мүмкіндік береді. Әзірге артық энергияны сатуға кіріспеген.
6/15 Жаңа мешітті қуатпен қамтамасыз етуге пайдаланылатын балама энергия көздері, мешіт басқарушысының мәліметінше, қажетті мөлшерден үш есе артық қуат өндіре алады, ал өндірілетін электр қуатының көлемі нысан қажеттілігінен төрт есеге жуық көп, бұл артылған электр энергиясын сыртқы тұтынушыға сатуға мүмкіндік береді. Әзірге артық энергияны сатуға кіріспеген.
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Астанада күннен қуат алатын қондырғылары бар жаңа мешіт ашылды.
Мешіт имамы Яхия қажы Исмаиловтың сөзінше, ислам діні артық нәрсені сатуға рұқсат етеді. "Мұсылманның адал еңбегімен тапқан өнімін сатуы – әлимсақтан бері бар. Пайғамбарымыз: "Саудамен айналысыңдар, ол - сүннет әрі адал еңбек. Әділ саудагер қиямет күні менің жанымда болады" деп айтқан", - деп жауап берді жаңа мешіттің имамы артылған электр қуатын сату шариғатқа қаншалықты сай келетіні туралы сұраған Азаттық тілшісіне.
7/15 Мешіт имамы Яхия қажы Исмаиловтың сөзінше, ислам діні артық нәрсені сатуға рұқсат етеді. "Мұсылманның адал еңбегімен тапқан өнімін сатуы – әлимсақтан бері бар. Пайғамбарымыз: "Саудамен айналысыңдар, ол - сүннет әрі адал еңбек. Әділ саудагер қиямет күні менің жанымда болады" деп айтқан", - деп жауап берді жаңа мешіттің имамы артылған электр қуатын сату шариғатқа қаншалықты сай келетіні туралы сұраған Азаттық тілшісіне.
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Астанада күннен қуат алатын қондырғылары бар жаңа мешіт ашылды.
Жаңа мешіт 750 адамға лайықталып тұрғызылған. Алайда, имамның айтуынша, мешіттегі алғашқы жұма намазына жиналған мыңнан аса адамның барлығы ғимарат ішіне сыйған. Ерлерге арналған намаз оқитын орын бірінші қабатта, әйелдерге арналғаны – екінші қабатта орналасқан.
8/15 Жаңа мешіт 750 адамға лайықталып тұрғызылған. Алайда, имамның айтуынша, мешіттегі алғашқы жұма намазына жиналған мыңнан аса адамның барлығы ғимарат ішіне сыйған. Ерлерге арналған намаз оқитын орын бірінші қабатта, әйелдерге арналғаны – екінші қабатта орналасқан.
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Астанада күннен қуат алатын қондырғылары бар жаңа мешіт ашылды.
Мешіттің ішінде де ақ түс басым, көлбеу қабырғалардағы үлкен витраждардан түскен күн сәулесі ғимараттың ішіне ерекше жарық беріп тұр.
9/15 Мешіттің ішінде де ақ түс басым, көлбеу қабырғалардағы үлкен витраждардан түскен күн сәулесі ғимараттың ішіне ерекше жарық беріп тұр.
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Астанада күннен қуат алатын қондырғылары бар жаңа мешіт ашылды.
Бірінші қабатта әйелдер мен ерлер үшін екі бөлек киім шешетін орындар мен аяқ киім қоятын сөрелер бар.
10/15 Бірінші қабатта әйелдер мен ерлер үшін екі бөлек киім шешетін орындар мен аяқ киім қоятын сөрелер бар.
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Астанада күннен қуат алатын қондырғылары бар жаңа мешіт ашылды.
Дәрет алатын орындар да көп адам сиятындай кең етіп салынған.
11/15 Дәрет алатын орындар да көп адам сиятындай кең етіп салынған.
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Астанада күннен қуат алатын қондырғылары бар жаңа мешіт ашылды.
Мешітке кіре берісте мүмкіндігі шектеулі адамдардың ғимаратқа кіріп-шығуына арналған көтергіш құрылғылар орнатылған.
12/15 Мешітке кіре берісте мүмкіндігі шектеулі адамдардың ғимаратқа кіріп-шығуына арналған көтергіш құрылғылар орнатылған.
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Астанада күннен қуат алатын қондырғылары бар жаңа мешіт ашылды.
Мешітке жапсарлас жерде автокөлік қоюға арналған орын бар.
13/15 Мешітке жапсарлас жерде автокөлік қоюға арналған орын бар.
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Астанада күннен қуат алатын қондырғылары бар жаңа мешіт ашылды.
Астанада ашылған жаңа мешітке Ырыскелді қажының есімі берілген. Ол 1928 жылы Қостанай облысы Тастыөзек ауылында дүниеге келген. Совет заманында 25 жыл Целиноград облыстық кинофикация басқармасын басқарған. 1980 жылдары үш рет облыстық халық депутаттары советіне сайланған, коммунистік партия мүшесі ретінде Қазақ ССР компартиясы съездерінің жұмыстарына қатысқан. Ырыскелді Жақсыбековтің ұлдары бұл күндері жоғары лауазымды шенеуніктер: Әділбек Жақсыбеков президент әкімшілігін басқарса, тағы бір баласы Серік Жақсыбеков – парламент Сенатының депутаты.
14/15 Астанада ашылған жаңа мешітке Ырыскелді қажының есімі берілген. Ол 1928 жылы Қостанай облысы Тастыөзек ауылында дүниеге келген. Совет заманында 25 жыл Целиноград облыстық кинофикация басқармасын басқарған. 1980 жылдары үш рет облыстық халық депутаттары советіне сайланған, коммунистік партия мүшесі ретінде Қазақ ССР компартиясы съездерінің жұмыстарына қатысқан. Ырыскелді Жақсыбековтің ұлдары бұл күндері жоғары лауазымды шенеуніктер: Әділбек Жақсыбеков президент әкімшілігін басқарса, тағы бір баласы Серік Жақсыбеков – парламент Сенатының депутаты.
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Астанада күннен қуат алатын қондырғылары бар жаңа мешіт ашылды.
Қазақстанда қазіргі кезде 2600 мешіт жұмыс істейді. Ырыскелді қажы мешіті – Астанадағы тоғызыншы мешіт.
15/15 Қазақстанда қазіргі кезде 2600 мешіт жұмыс істейді. Ырыскелді қажы мешіті – Астанадағы тоғызыншы мешіт.
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Астанада күннен қуат алатын қондырғылары бар жаңа мешіт ашылды.
Previous slide
Next slide

Батталованың ойынша, Жақсыбековтің саяси отставкаға кетуіне Назарбаевқа жақын топтың аясы тарыла бастағаны себеп болған. Оның айтуынша, бұл топтағы басты фактор – кланға бөліну.

- Жақсыбеков Назарбаевтың туысы емес, оның тобына кірмейді; бірақ жасы мен жағдайына қарай ол да өз кланын құрып алды, - дейді Зәуреш Батталова.

Батталованың айтуынша, әркез айналасын "жасартып" отыратын 78 жастағы Назарбаевтың маңында жүрген ең егде адам осы Жақсыбеков болатын.

– "Жасарту" үрдісі кезеңмен жүреді. Бірінші рет 1990 жылы болды, ол қасындағы топты ауыстырды. Кейін тағы басқалар келді. Бұл алқада біреулер үзақ уақыт жүрді. Алқа тарылған сайын мүдде де тарыла береді, кланшылдық үстемдік етеді, - дейді Зәуреш Батталова.

"МЫҚТЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ТАБЫС" ТІЛЕУ

Президент әкімшілігі жетекшісін "зейнетке" шығарған күні "Цесна" корпорациясының сайтында Жақсыбековтің осы құрылымның директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл қызметті бұрын Жақсыбековтің ұлы, 40 жастағы Дәурен Жақсыбек атқарып келді, Forbes журналының қазақстандық редакциясының бағалауынша оның дәулеті 700 миллион долларды құрайды. Әкесі мен ұлы корпорация акциясының 70 пайыздан астамын иеленіп отыр, Әділбек Жақсыбековке – 31,19 пайыз; Дәурен Жақсыбекке – 36,75 пайыз тиесілі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) сол кездегі президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбековті "Барыс" орденімен марапаттап тұр. Астана, 12 желтоқсан 2016 жыл.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) сол кездегі президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбековті "Барыс" орденімен марапаттап тұр. Астана, 12 желтоқсан 2016 жыл.

Азаттық тілшісі "Цесна" корпорациясына қоңырау шалып, Жақсыбековке сұрақ қойғысы келетінін айтты.

– Әділбек Рыскелдіұлы мұнда отырмайды. Оны көрген емеспін. Қателесіп кеттіңіз, - деді "Цесна" сайтында көрсетілген нөмірге жауап берген әйел дауысы. Екінші факс нөмірі "автоматта" тұр.

Сейсенбі күні Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада президент әкімшілігі жетекшілігіне жаңадан тағайындалған Әсет Исекешевті таныстырды. Исекешев осымен екінші рет Жақсыбековтің орнын басып отыр. 2016 жылдың шілдесінде Назарбаев Жақсыбековті президент әкімшілігіне әкеткенде Исекешев оның орнына Астана әкімі болған. Ақорда сайтының хабарлауынша, қыркүйектің 11-і күні өткен жиында Назарбаев Жақсыбековке "жауапты әрі адал жұмысы" үшін алғыс айтып, "мықты денсаулық пен табыс" тілеген.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Айдар
XS
SM
MD
LG