Accessibility links

"Айналайын көке, жай жүр". Шымкенттегі фотокөрме

Шымкент қаласындағы Сity shopping gallery орталығында журналист, фотограф Әйгерім Бегімбет, фотограф Шыңғыс Әбдіразақтың «Тіршілік» атты фотокөрмесі өтіп жатыр. Internews Қазақстан өкілдігінің арнайы грантын жеңіп алған олар Түркістан облысындағы ауыл өмірі жайлы ондаған фотосуретті көрерменге ұсынды.

Фотографтар бұл көрмені таяуда қайтыс болған достары, фотограф Қанат Дарханға арнаған. Көрмеге Қанат Дархан түсірген фотосуреттер де қойылған.
Фотограф Әйгерім Бегімбеттің айтуынша, Шыңғыс Әбдіразақ екеуі Түркістан облысын аралап, ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік ахуалын көрсетуге тырысқан. Фотокөрмеге биыл жазда Арыс қаласында болған жарылыстан кейінгі өмірді бейнелейтін фотосуреттер де қойылған. Фотографтар ерекше кейіпкерлер арқылы күнделікті өмірдің қалтарыстарына үңілген.

16x9 Image

Дилара ИСА

Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG