"Бізді бір қазанға тастады". Дәрігерлер тұратын жатақхана вирус ошағына айналды
Алматыда коронавирус жұқтырған дәрігерлер инфекцияның тарауына өздері тұрып жатқан жатақханада (қала карантинге жабылғаннан кейін дәрігерлерді уақытша сонда көшірген) гигиеналық талаптардың сақталмауы себеп болғанын айтады. Алматыда COVID-19 жұқтырғандардың үштен бірі – медицина қызметкерлері. Қала билігі "дәрігерлер жатақханаға өз еркімен көшті, ондағы жағдай жайлы шағым айтқан жоқ" дейді.
"Табыссыз қалдық". Пандемия кедейлерді көбейтті
Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай екі айға жуық уақыттың ішінде миллиондаған адамның әлеуметтік жағдайын әлсіретті: кейбірінің кәсібі тоқтап, көбі жұмыссыз қалды. Сарапшылар елде айлығы шайлығынан аспайтындар бұрын да көп болса, енді еселеп ұлғайғанын айтады.
"Ақша бөлсе, өзіміз саламыз". Үйі құлаған Өргебас тұрғындары үкіметтен жауап күтеді
Мақтаарал ауданындағы Өргебас ауылының тұрғындары үкіметтен тасқын құлатқан үй, су шайған егістік пен қырылған малға өтемақы сұрайды. Жергілікті билік "комиссия шығын көлемін анықтап" жатқанын айтады.
"Тақтан түсірілген" Дариға Назарбаева және Тимур Құлыбаевтың мәмілесі
Батыс баспасөзі осы аптада Қазақстанның бұрынғы президентінің қызы Дариға Назарбаеваның әлдекімдерге «жақпай қалып», маңызды мемлекеттік қызметтен босатылғаны туралы жазды. Ақпарат құралдары, сондай-ақ, Алматыдағы әуежайдың сатылуы «елдегі ең бай отбасы үшін тиімді» келісім болды деп санайды. Сонымен бірге Қазақстан – пандемиядан кейін туристер бара алатын елдердің қатарында аталды.
Сенаттан қайтқан бейбіт митинг туралы заңға тараптар пікірі қандай?
Сенат бейбіт жиындар туралы заң жобасын мәжіліске қайтаруына азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдар тарапынан үлкен сынға ұшырауы себеп болды дейді құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Сөзінше, сенат енгізген түзетулер косметикалық өзгеріс ғана. Бірақ депутат заң жобасы демократия талабына сай дегенге сендіргісі келеді.
Қазақстанда балаға міндетті екпе салуға кім және неге қарсы?
Міндетті екпеге қарсы азаматтар мен денсаулық сақтау министрлігінің тартысы әлі жалғасып жатыр. Соған қарамастан, мамырдың 13-іне парламент мәжілісінің депутаттары "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" заңға өзгерістер енгізу жайлы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Жаңа өзгерістерде балаға екпе салуды міндеттеу және екпе салынбаған сәбиді балабақшаға қабылдамау қарастырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасына қарсы азаматтар арасында баласының ажалы мен оның денсаулығына келген зардапты екпеден көретіндер де бар. Денсаулық сақтау министрлігі ондай жағдайға екпенің қатысы жоғын, міндетті екпе - инфекцияның таралуынан сақтайтын халықаралық тәжірибе екенін алға тартады.
Совет дәуіріне дейін Өзбекстанда түсірілген түрлі-түсті суреттер
Ресейде патша билігі тұсында танымал фотограф болған Сергей Прокудин-Горский осыдан ғасырдан астам уақыт бұрын Өзбекстанға барған сапарында Орталық Азияның тыныс-тіршілігін бейнелейтін таңғажайып түрлі-түсті суреттер түсірген.
ПІКІРЛЕР