«Жай жүрмін!» Алматы полициясы адамдарды қалай ұстады?
Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісін жариялаған күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қаласында полиция адамдарды ұстады. Азаттық тілшілері Алматыдағы полицияның адамдарды ұстаған сәтіне куә болды.
"Ешкім жоқ, бюллетеньді тез-тез салыңдар"
9 маусым күні өткен кезектен тыс президент сайлауында "заң бұзу фактілері" делінген видеолар әлеуметтік желіде көп тарады. Біраз видео Азаттық редакциясына да келген.
"Барлық журналисті ұстау мүмкін емес"
9 маусымла Алматы қаласындағы Астана алаңында өткен сайлауға қарсы наразылық шарасында полиция франциялық AFP (Agence France-Presse) ақпараттық агенттігінің Орталық Азия бойынша тілшісі Крис Риклтон ұстап әкеткен. Полиция бөлімшесіне жеткізіліп, кейіннен босап шыққан шетелдік журналист Азаттыққа сұхбат берді.
Сайлау қалай өтті?
Президент сайлауы өткен соң сайлауда бақылаушы болған бір топ қоғамдық белсенді Respublica атты саяси қозғалыс құратындарын мәлімдеді. AzattyqLIVE хабарында сол ұйымның мүшесі Бэлла Орынбетовамен сайлаудың нәтижесін талқыланды.
Сириядан оралған қазақстандық әйел ДАИШ-ке қосылғанына өкінеді
"Жусан-2" арнайы операциясы кезінде Қазақстанның арнайы қызметі елге жеткізген келіншек Сириядағы ДАИШ тобының ("Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы) қол астында болған алты жылы туралы ойламауға тырысады. Үлкені биыл алты жасқа толатын екі ұлдың анасын төркін жұрты қуана қарсы алған.
Арман Абдуллаханов: "Шеруге қатысқым келсе, велосипедсіз шығар едім"
10 маусымда Алматыдағы Астана алаңынан велосипедпен өтіп бара жатқан Арман Абдуллахановты наразылық акциясына қатысушыларды ұстауға келген полицияның қалай әкеткені туралы видео әлеуметтік желіге тарап кетті. Азаттыққа берген сұхбатында ол бұл оқиғаға "саяси реңк бергісі келмейтінін" айтты.
Ұсталғандарға көмек көрсету машақаты
9-12 маусымда ұсталған азаматтарға көмек көрсетіп жүрген құқық қорғаушылар қиындықтарға тап болғанын айтады.
ПІКІРЛЕР