Алматы облысындағы Қайнар ауылында "Қансонар" бүркітшілер сайысы өтті. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және Қытайдан келген құсбегілер қатысты. Reuters фотолары.
"Қансонарда" бүркітші шығады аңға...
1
Жыл сайын Қазақстанның әр өңірінде "Қансонар" бүркітшілер сайысы өтеді. Құс салу дәстүрі қазақ даласында үш мың жыл бұрын пайда болғаны жайлы деректер бар.
2
Бүркіттерді түлкі, қарсақ, қоян кейде қасқырға да салады.
3
Ал қаз бен дуадақтарға қаршыға салады.
4
Ұсақ құстарға сұңқар мықты.
5
Құсбегілер бар білетінін ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырады.
6
Совет одағында құс салуға тыйым болып, бұл өнер жоғалудың аз-ақ алдында қалған.
7
Қазір Қазақстанда бүркітшілер сайысы жиі өтеді.
8
Құс салу жарысы Қазақстанда отыз жылдан бері өтіп келеді.
9
Қазақ халқы бүркітшілер мен құсбегілерге құрметпен қараған.
10
Бүркіт кезекті жорығына кетіп барады.
11
Дамылдан отырған бүркітшілер.