Accessibility links

Түркияда тұратын Алтай қазақтары

Түркиядағы қазақтардың кейбірі ана тілдерін білмейді, балаларының аттарын түрікше қояды, Қазақстанға көшуге аса құмартпайды. Қытай, Тибет, Ауғанстан және Пәкістан арқылы Алтайдан ұзақ әрі қауіпті сапар шеккен қазақтар Түркияға 1951 жылы жеткен. Түрік билігі оларға жер бөлген. Қазақтар Стамбул, Анкара, Измир сияқты халқы тығыз қалаларды мекендегісі келмеген. Олар Торос тауының етегіндегі мал жаюға қолайлы даланы таңдаған.
Түгел оқыңыз

Алыстан қарағанда бұл жерлер қызыл болып көрінеді. Жолсеріктерім менің болжамымды растады: жер құнарлы емес, су жоқ. Бұрынғы қазақтар бау-бақша өсірмеген. Оларға мал жаятын дала керек болған. Түрік билігі қазақ даласынан келген босқындарға 165 үй салып берген, сол кезде босқан 20 мың елден 165 отбасы (шамамен 1800 адам) Түркияға жеткен.
1

Өздері орналасқан жаңа ауылдарын қазақтар туған өлке құрметіне «Алтай» деп атаған. Қазақтардың ауылы Анкарадан 320 километр жерде, бұл ауылға ең жақын қала мен әкімшілік орталық – Ниде.
2

1955 жылдан бері мұндағы қазақтар мал бағады. Әр үйде шамамен жүз бас шамасында мал болады. Қазір ата кәсібімен шұғылданатын қазақтар бірен-саран.   
3

Солардың бірі – 42 жастағы Огур Гуляржуз. Ол 15 жылдан бері қой бағып отыр. 120 сауын қойы мен ешкісі, жүздеген қозысы бар. 
4

Тағы

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG