Accessibility links

Жастар саясатының проблемалары мен болашағы


Алматы жастары. 17 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда жастармен кім қалай жұмыс істеп жатыр? Жастар өмірінде қандай қиыншылықтар бар және ZhasCamp жобасы кімге ұнамайды? AzattyqLIVE тақырыпты Қазақстан жастары ақпараттық қызметі қорының директоры Ирина Медниковамен [орыс тілінде] талқылады.

Жастардың әлеуметтік бастамаларын қолдауға арналған ZhasCamp конференциясын Қазақстан жастары ақпараттық қызметі қоғамдық қоры 2010 жылдан бері өткізіп келеді.

Екі апта бұрын Ирина Медниковаға шабуыл жасалды. Оның ZhasCamp жобасы бойынша ақпараттар және бірнеше жүз мың теңге қаражат сақталған сөмкесін тартып алған. Ирина шабуылды өзінің жұмысымен байланыстырады. Оның ойынша, конференцияны өткізуге біреулер қарсы. Мұнан соң Ирина Атырау қаласында ZhasCamp шарасын өткізуге кедергілер көбейгенін, зал табудың қиындағанын хабарлады. Ондай жағдай кейін Павлодарда қайталанды.

Қазақстанның жастар саясаты қандай? Тәуелсіз ұйымдар жастармен қалай жұмыс істейді? Ол ұйымдар жұмысы кімдерге ұнамайды? Жастардың басында қазір қандай қиыншылықтар бар, оларды қандай мәселелер толғандырады?

Осы және өзге де сауалдарға AzattyqLIVE хабарында Қазақстан жастары ақпараттық қызметі қоғамдық қорының бас директоры Ирина Медникова жауап берді.

  • 16x9 Image

    Пётр ТРОЦЕНКО

    Пётр Троценко - Азаттықтың Алматы бюросының тілшісі. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Журналистік карьерасын "Уральская неделя" басылымында, "Инкар-инфо" интернет радиосында бастаған. 2007-2016 жылдары Алматыдағы, Нұр-Сұлтандағы, Оралдағы, Тараздағы және Ақтөбедегі басылымдарда жұмыс істеген. 

XS
SM
MD
LG